Елбасы көңіл айтты

1034
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевке көңіл айту жеделхатын жолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жо­лаушылар автобусы­ның өртенуі салдарынан Өзбек­стан азаматтарының қайғылы қазаға ұшы­рауына байланысты көңіл айтты.
«Орны толмас қайғыға ортақтас­тығымды білдіре отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атым­нан қаза болған­дар­дың туыстары мен жақын­дарына қолдауым мен ниеттес­ті­гімді жеткізуіңізді сұ­рай­мын. Зардап шеккендердің те­зірек сауы­ғып, отба­сыларына ора­луына тілектеспін» делінген жеделхатта.
Сонымен бірге, Мемлекет бас­шысының тап­сыр­масы бойынша оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*