Польша президентін құттықтады

1345
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының президенті Анджей Дудамен кездесті.

Мемлекет басшысы әңгімелесу бары­сында А.Дуданы Польшаның БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құт­тықтады.
– Бүгінгі кездесу қарым-қатынас­тарымызды талқылау үшін бізге зор мүмкіндік береді. Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2018-2019 жыл­дардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің баста­луымен құттықтаймын, – деді Қазақстан Прези­денті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұ­мысындағы ұстанымдарының ұқсасты­ғын атап өтті.
– Біздің ой-пікіріміз бен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмыс бағытымыздың ұқсас болғанына қуаныштымын. Варшаваға сапарым және Сіздің өткен жылғы Астанаға сапарыңыз әлі есімде. Мұндай кездесулер бізді әрі елдерімізді жақындата
түседі, – деді Қазақстан Президенті.
А.Дуда кездескеніне және екіжақты ынтымақ­тастықтың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігінің болғанына риза­шылық білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*