Баспасөз мәслихаты өтті

1296
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Мемлекет басшысы баспасөз мәслихаты барысында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Атап айтқанда, Н.Назарбаев Қазақстан – Америка қарым-қаты­настарын дамытудың басым ба­ғыттары мен келешегіне тоқталып, халықаралық және өңірлік қауіп­сіздікті қамтамасыз ету саласында қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстан Пре­зиденті Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіне төрағалық етуіне және еліміздің әлемде ядролық қаруды таратпау ісіндегі миссия­сына қатысты сауалдарға жауап берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*