Мемлекет басшысы Корей түбегіндегі түйткілді келісіп шешуге шақырды (видео)

1093
0
Бөлісу:

Қазақстан мен АҚШ серіктестігі жаңа деңгейге аяқ басты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары аясында Дональд Трамппен кездесіп, жоғары деңгейде келіссөздер өткізді. Екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін пысықтап, біраз уағдаластықтарға қол жеткізді.

Мемлекет басшысының биылғы сыртқы саяси маусымы АҚШ-тан басталды. Нұрсұлтан Назарбаев – 2018 жылы Ақ үйдің табалдырығын аттаған алғашқы шетел президенті. Ресми Вашингтонның жаңа әкімшілігі Астанамен сенімді серіктестікке мүдделі. Мұны Дональд Трамптың Қазақстан Президентін арнайы ресми сапармен шақыруынан аңғаруға болады. Осылайша екіжақты ынтымақтастық жаңа жылда жаңа сарынмен бастау алып отыр.

Жаңа жылдық мерекелерден соң тым-тырыс болған резиденцияға жан біткендей. Жауапты жұмысқа қарқынмен кіріскен Ақ үйдегілер Нұрсұлтан Назарбаевты асыға күтті. Құрмет қарауылының сарбаздары Қазақстан Президентіне ерекше ықылас танытуы сондықтан. Ал резиденция алдында қазақстандық әріптесін ел Президенті Дональд Трамп қарсы алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Казахстан является другом Америки. Сегодняшний визит является этому доказательством. Надеюсь, мы поговорим обо всем, что интересует вас и нас в регионе. Двусторонние экономические отношения поднимутся еще на новый высокий уровень. Я благодарен вам и желаю дальнейших успехов.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

– Құрметті Президент мырза, Америкаға қош келдіңіз. Мен сізді қатты құрметтеймін. Біздің елдер арасында ынтымақтастықтың артып келе жатқаны қуантады. Сауда-саттық қарқынды дамып жатыр. Қазақстан қазір өте жақсы жетістіктерге жетті. Шын мәнісінде ел күн санап өркендеп келеді. Қазақ елін барлық мемлекеттер құрметтейді, сондықтан сізді осында қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе.

АҚШ Орталық Азия елдерімен байланысқа басымдық беріп отыр. Оның ішінде Қазақстанмен стратегиялық әріптестікке ұмтылысы қарқынды. Демек ынтымақтастық барлық бағытта бекиді деген сөз. Әсіресе өңірлік қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау бағытында бірлескен жұмыс қыза түспек.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

– Қазіргі таңда Қазақстанмен стратегиялық әріптестігіміз алға жылжып келеді. АҚШ пен Орталық Азия арасындағы әріптестік көпшіліктің күткенінен әлдеқайда жедел жүріп отыр. Президент Назарбаевқа Ауғанстандағы біздің әрекетімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Қазақстанның терроризммен күресуде маңызды логистикалық қолдау көрсетуін жоғары бағалаймын.

Расымен де, қазақ елі ауған xалқына қамқорлығын ешқашан аяған емес. Осы күнге дейін 75 млн доллар гуманитарлық көмек көрсетіп, талай жастарын тегін оқытты. Ал Корей түбегіндегі түйткілге келер болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев мәселені келісіп шешуге шақырды. Зұлмат қарудың қасіретін шеккен қазақ xалқы ядролық қарудан бас тартуға тағы да үндейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мы обсуждали и другие глобальные вопросы и урегулирование проблемы Северной Кореи. Вы знаете, что Казахстан в свое время отказался от 4-го в мире ядерного арсенала и закрыл крупнейший в мире полигон для ядерных испытаний в Семипалатинске. У нас есть моральное право предлагать ядерным странам поступить как мы. Так мы делали с Ираном, так я сейчас разговариваю с Северной Кореей. Проблему Северной Кореи могут решать совместно только США, Китай и Россия. В связи с этим нас, соседей, естественно, беспокоят политические отношения, которые ушли на ноль между Соединёнными Штатами и Россией.

Америка ынтымақтастықты өнеркәсіп, азаматтық авиация, теміржол, медициналық қызмет көрсету, теxнология және энергетика салаларында жедел өрбітуге ниетті. Үшінші жаңғыруға аяқ басқан Қазақстан үшін бұл ақжолтай жаңалықтың маңызы зор. Қосымша қаржы, жаңа теxнологиялар мен мыңдаған жұмыс орны ашылады деген сөз. Сапардың да, елде жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың да түпкі мақсаты осы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Господин президент, и в заключение не могу не поздравить вас с огромными успехами вашей страны в области экономики. Мы всё это видим. Вы провели поразительную реформу налоговую. Я это поддерживаю, потому что я это сделал лет пять назад. У нас корпоративный налог 20%, подоходный налог 10% для всех. Поздравляю вас с первой годовщиной президентства. Поздравляю вас с рождением девятого внука, господин Президент. Я хочу вам сказать, в прошлом году у меня родился десятый.

Осылайша Астана мен Вашингтон ынтымағы жаңа деңгейге шықты. Бұған Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі негіз болмақ. Келелі келіссөздер екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бере білді. Сөйтіп екі жақ стратегиялық серіктестікке бет бұрды.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Жандос Битабаров, Дулат Ентебеков, Хасен Омарқұлов және Алмаз Омарғалиев

khabar.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*