Елбасы АҚШ президентімен кездесті

1301
3
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтон қаласында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты қарсы алу рәсімі аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Ақүйдің Құр­метті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Бұдан соң Қазақстан мен АҚШ президенттері келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастың және ха­лықаралық күн тәртібінің мейлінше, өзекті мәселелерін талқылады.
Дональд Трамп ресми сапармен кел­гені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа риза­лығын білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасында қалыптасқан қатынастарға жоғары баға берді.
– Сіздің осында келгеніңізге қуа­ныштымын. Сізге барлығы зор құрметпен қарайды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас керемет жолға қойылған. Қазір Қазақстанның жағдайы өте жақсы. Біз үшін сізді қабылдау зор мәртебе. Сіздің еліңіз үшін жасаған ісіңіз, шынында да, тамаша, – деді АҚШ президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Дональд Трампқа алғыс айтып, оны АҚШ президенті лауа­зымына сайлануының бір жылдығымен құттықтады.
– Сізді президенттік қызметіңіздің бір жылдығымен және экономикадағы зор жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Қазақ­станның тәуелсіздігі мен аумақтық тұ­тастығына АҚШ-тың саяси қолдау көрсеткенін біздің ел жоғары бағалайды. Осы 26 жыл бойы Қазақстан АҚШ-пен достық қарым-қатынасты берік ұстанып келеді. Бүгінгі сапар сол серіктестіктің дәлелі болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев екі­жақты саяси және экономикалық ынты­мақтастықты одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.

Бөлісу:

3 пікір жазылған

Пікір жазу


*