ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЙЫН БІЛЕТІН ЖІГІТ

951
0
Бөлісу:

Қаншама жылдан бері басшылық қызметте болса да, азаматтық позициясынан айнымаған азаматтар болады. Олардың халық үшін жасаған еңбегі де көзге бірден көрінеді, өздері елдің алдында да жүзі жарқын жүреді. Шығыс өңіріндегі  «Гордорстрой» мекемесінің директоры Бауыржан Қайрамбаевты осындай құрметті азаматтардың қатарына жатқызуға болады. Расында халықтың қадіріне бөленген азамат жайлы әр кез жылы пікірде болу – оның айнымас адамгершілік болмысын  көрсетеді.

Бауыржан Сейтжапарұлы – Семей өңірін­дегі Аягөз қаласының тумасы. Туған жердің сай тасы мен бүкіл түйткілін жетік білетін жан өңірдің көркеюіне мол үлесін қосып келеді. Әрқашанда өз бастамаларын жүзеге асыра білетін жігіт жергілікті билікке де сый­лы. «Семей шаһарын өр­кен­­дету – азаматтық парызым» деп білетін басшы бүгінде қала­лық мәслихаттың депутаты.
Кезінде қазақтың Комму­ни­ка­ция және көлік академиясын бітірген маман инженер-құры­лыс­шы мамандығы бойынша қа­зір жемісті еңбек етіп келеді. Сон­дық­тан да болар, оны «Нұр Отан» партиясына бірден мүше­лік­ке қабылдады. Отан ерен ең­бе­гін ескерген болуы керек, «Тә­уел­сіздіктің 20 жылдығы» төс­­ белгісін марапаттады.
Жол саласында 23 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан азамат 17 жылдан бері «Гордор­строй» ЖШС дирек­торы қызме­тінде. 700 адамға бас­шы­лық жасап отырған Бауыржан Сейтжапарұлы қазіргі кезде мате­риал­ды- техникалық база толық жабдық­талғанын айтты. Әрине, басқа өңірге қарағанда, мұнда қыс қатты, қарлы болып келеді. Сон­дықтан, бұл маусымға айрық­ша дайындық шаралары қажет. Мұны ескерген басшылық меке­ме­нің қажетті техникаларын қа­шанда сақадай сай етіп қояды. Жұ­мыс­шылар айлығын тұрақты алып отырады. Қандай боран, суық болса да, ешқандай уайым жоқ. Өйткені барлық жағдай жа­сал­ған. Ұйытқып боран соғып, жол көрінбей қалса да, жұмыс­шы­лар бір-бірімен және бас­шы­лық­пен рация ақпарат алмасып отырады. Механизаторлардың да арнайы киімдері бар. Қиын учас­ке­лерге қандай жағдайға қара­мас­тан тағам жеткізіледі.
– Жұмыстың жеңілі жоқ. Қыста жолды күту жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Қалып­тас­қан мамандар, тұрақты кадр­лар бар. Жол шеберлеріне 2 ай сы­­нақ мерзімі беріледі, содан кейін барып жұмысқа қабыл­да­на­ды. Жыл сайын істелетін жұмыс көлемі де артып келеді. Сондықтан жұмысқа жастарды қабылдауға басты назар аудару­да­мыз, – дейді мекеменің бас ди­рек­­торы.
Семей өңірінде танымал аза­матты халық сыйлайды. Өйт­кені беделді жігіттің жана­шыр­лық ісі көп. Көпке қамқор бо­лып жүрген азаматтың рухани жаны терең. Бір ғана мысал, осы­дан біраз уақыт бұрын Аягөздегі Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ескерт­кішіне қаржы құйды. Айта берсек, мұндай қайырымды ісі мол. Семей өңірінің тумасы болғандықтан, өзі өскен өңірдің өзгергенін жаны қалайды. Қазір шаһарда демографиялық өсім бар. Қалада кәсіпкерлік те жақсы дамып келеді. Түйткілді мәсе­ле­лерді көрсе, оны қашанда шешуге талпынатын қалалық мәсли­хат­тың депутаты қазір де ат үстінде. Депутат ретінде Қайнар ауылында ауызсу мәселесін шешуге ат­са­лысты. Ниет болса, орындал­май­тын нәрсе жоқ. Бауыржан Сейт­жа­парұлын қазіргі таңда алаң­­­­датып жүрген бір жайт бар. Ол – Семей қаласының маңын­дағы Озерка, Қайнар, Утинка, Бұлақ деген ауылдардың жағдайы. Осындай 12 ауылдық округ бар. Осы аталған елдімекендер орта­лыққа біріктіріліп, бір аудан ашылса, дұрыс болар еді.
– Бұл – біздің ұсыным. Өйткені Семей қаласының өз проблемалары да жетеді. Оның маңын­дағы елдімекендер бірік­ті­рілсе, оның өз орталығы, өз бюд­жеті болады. Сол кезде ғана атал­ған елдемекендегі пробле­ма­лар жойылады. Атап айтсақ, жол, су, газ, жарық мәселелері шешіліп, ша­ғын кәсіпорындар ашылады, ауыл­да жұмыссыздық жойылады, – дейді Бауыржан Қайрамбаев.
Мекемеде еңбек жолын қара­па­йым жұмыс­шыдан бас­та­ған ол, әке өсиетін қаршадайынан сана­сына түйіп өсті. Анасы үй шаруа­сында болды. Әкесі «өскенде жақ­сы маман болуың керек. Сол кезде ғана абырой биігінен кө­рі­не­­сің» деп жиі айтатын. Міне, сол әке өсиетінің жемісін көріп келеді.
Қазір Семей шаһары шырай­лана бастады. Бұл істе Бауыржан басқаратын «Гордорстрой» ұжы­мы жұмысшыларының еңбегі ерен. Қалада «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасы бойынша жақсы жұ­мыс­тар жүргізілуде. Бауыржан Сейт­жапарұлы қалада өтетін іс-шараларға белсене қатысады. Демеушілік көрсетеді, әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға көме­гін береді. Жуырда ғана «Қа­зақ зағиптар қоғамына» компью­тер сыйлады, сабақ беретін ма­ман­­ның еңбекақысын төлеп бер­ді. Жомарт жандардың жақсы болмағы ең алдымен әке тәрбие­сі­нен, ана ұлағытынан емес пе?! Ұжымдағы әріптестері мен жора-жолдастарының айтуынша, ол – алдына мақсат қоя білетін жігіт. Білім­ді, іскер, әркез жинақы жүре­ді. Жұмыста қауіпсіздік ере­же­­лерін қатаң сақтайды, жұмыс­шы­ларынан да осыны талап етеді.
«Гордорстрой» мекемесінің директоры ретінде қалалық бюд­жет­тен балабақшаларды, мек­теп­тің сыртқы келбетін жөндеуге қаражат көп бөлінсе деген де ойын айтты. Өйткені қаражат көп бөлінсе, шаһардың да шырайы кіріп, адамдардың да көңілі көтеріліп жүретіні сөзсіз.
Өнегелі отағасының Ильяс, Айдар есімді ұлы бар. Ильястың мамандығы – құрылысшы. Ол Семей қаласындағы «Азон» фирмасында директор болып жұмыс істейді. Екінші ұлы Айдар Астанадағы Л.Гумилев атындағы университеттің халықаралық құ­қық факульте­тінде оқиды. Бала­ларына тағылымды тәрбие бе­ріп отырған әке олардың бола­шақ­ты жақсы өмір сүруін де қа­лай­ды. Сол үшін келешекке негіз қалап жатқаны да бекер емес. Бірақ ең маңыздысы, Бауыр­жан Сейт­жапар­ұлы өз ме­ке­­месінде ғана емес, өңірдегі жұ­мыс­­тың жайы мен жағдайын жақсы біледі. Сол үшін де ұжым­дағы қызметтестері оны сый­лай­ды, құрметтейді.

Мира МЫРЗАҒАЛИ

Бөлісу:

Пікір жазу


*