Арманның арманын тыңдады

1155
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев Переметный ауылының тұрғыны, I топ мүгедегі Арман Айтпаевтың үйіне барып, оған халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын түсіндірді.

Кездесуге аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұрлан Салимов қатысып, сұрақтарға жауап берді. Арман Айтпаев – ауданда ғана емес, облыста танымал азамат.
Өзінің еңбекке құмарлығының арқа­сында жеке кәсібін ашып, қолөнер бұйым­­дарын жасап, тұрғындарға ұсынуда.
2017 жылы Астана қаласында болып, EXPO халықаралық көрмесіне өз бұйымдарын ұсынды. Арманның қолы­нан шыққан бұйымдар зор сұранысқа ие.
– Осы қол өнер бұйымдарымды жасап, халыққа бар өнерімді көрсету – мен үшін үлкен бақыт. 2017 жылы Астана қаласында өткен EXPO халықаралық­көрмесінде бұйымдарымды көрсетіп келуіме Зеленов ауданының әкімі, «Нұр Отан» партия­сының мүшелері, яғни кәсіпкерлер тарапынан демеушілік көмек көрсетілді. Бұл үшін үлкен риза­шылығымды біл­дірдім. Алдағы уақытта өзімнің шағын кәсібімді дамыту ойымда бар. Бұл жос­парыма Зеленов ауданының басшылығы, «Нұр Отан» партиясы, аудандық ардагерлер мен мүгедектер кеңестері қолдау білдіреді деп ойлаймын, – деді Арман Айтпаев өз сөзінде.

Назгүл ҚҰЖАНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*