Сананы жаңғыртудың ауқымды жобасы

1145
0
Бөлісу:

Қазақстан халқы ассамблеясы республика бойынша Мемлекет басшысы­ның «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған бірыңғай күнін өткізді. Ассамблеяның осы жоба шеңберінде өткен 147 шарасына 7300-ден астам адам қатысты.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық табыстың негізінде азаматтық татулық, ұлтаралық және конфессияаралық ке­лісім жатыр және олар басты құндылы­ғымыз болып қала береді. Осы тұста Қазақстан халқы ассамблеясы орнықты ұлтаралық татулықты сақтау және нығайту бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Достық үйлерінің базасында ассамблея кеңестері, ғы­лыми-сарапшылық топтар, Қоғамдық келісім, ақсақалдар, аналар кеңестері, ҚХА жастар қанатының отырысы, конференция, дөңгелек үстел, сарап­шылармен кездесу және т.б. форматта іс-шаралар өтуде. Бұлар облыс орта­лықтары мен ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ аудан орталықтары, кәсіп­орындар мен жоғары оқу орындарында да өтті.

Алматыдағы Достық үйінде, Қа­зақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Абилфас Хамедовтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің белсен­ділері, зиялы қауым өкілдері мен мәдени орталықтардың жастары қатысты.
Ел Президентінің Жолдауын тал­қылауға Қазақстан күрдтерінің «Бар­банг» қауымдастығының төрағасы
К.Мирзоев, Алматы қалалық ҚХА төра­ғасының орынбасары К.Мамсуров, Алматы корейлері ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Г.Кан, елі­міздегі орыстар мәдени орталығының төрағасы В.Лукашев, Алматы қалалық ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары С.Ананьева, Алматы қалалық «Ахыска» түрік орталығы төрағасының орын­басары К.Касимов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ш.Умаров, ҚХА жанындағы Журналистер клубы­ның төрағасы О.Клименко қатысты. Жиында Жолдауда ел тұрғындарының алдына қойылған міндеттер – әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, экономикалық өсудің жаңа моделін құру, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді қамтамасыз ету мәселесі айтылды.
Ақтөбе қаласында да Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орын­басары Сергей Вишняктің жетекші­лігімен ғылыми-сараптамалық топ, қоғамдық келісім, аналар кеңесі, 19 этномәдени бірлестік өкілдері, БАҚ қатысуымен облыстық ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жолдау ту­расында: «Бұл – орнықтылыққа бағыт­талған бағдарымыз өзгермейді. Ол мүм­кіндіктер мен мақсаттарға қол жет­кізу құралдарымен толықтырыла түскен, осы мақсаттарды шешудің, оларға қол жеткізудің, осы шешімдердің атқа­рылуына бақылау жасау жолдарын әрі қадамдарын көрсетеді және жүйе де осыған байланысты тұжырымдалады» деді Сергей Вишняк.
Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және басқа да аймақтарда облыс әкімі орынбасары, облыстық ҚХА мүшелері, ғылыми-сарапшылық топтар, Қоғамдық келісім, ақсақалдар, аналар кеңестері, Журналистер клубы мүшелері, ЭМБ төрағаларының қатысуымен іс-шаралар өткізілді. Мұнда аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда өзін-өзі бас­қарудың дербес бюджеті мен коммунал­дық меншігін енгізу сынды халықтың өзекті мәселелерін шешу жолдары тал­қыланды. ҚХА үшін ауылдық округтер мен ауылдар деңгейінде құрылған Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті міндеттерді шешуде жаңа мүмкіндіктерге ие болатындығы маңызды.
Парламент Мәжілісінің ассамблеядан сайланған депутаттардың қатысуымен Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және тағы басқа облыстарда селекторлық жиын өткізілді. Олар жолдаудың түйінді мәселелеріне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, тұрғын үй құрылысы, банк саласы, білім беру мен әлеуметтік салаға заманауи технологияларды белсенді енгізу мәселелерінің маңыздылығын атап көрсетті. Бірыңғай электронды еңбек биржасын енгізудің мәнін, онда бос орындар мен жұмыс іздеп жүрген тұлғалар туралы барлық ақпарат шоғыр­ландырылуы тиіс екендігі, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асырудың қоғамға қажеттілігін сөз етіп, әлеуметтік даму мәселелеріне көп көңіл бөлді.
Елорданың жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарында да көптеген кездесулер мен отырыстар өтті. Оқу­шылар мен студенттер үшін Жолдаудағы адам әлеуетін дамытуға қатысты бағытты талқылау маңызды болды. Бүгінгі таңда білім беру – белгілі бір нәтижелер мен нақты мақсаттарға қол жеткізуге мүм­кіндік беретін бәсекеге қабілетті, мақсатты мемлекетті құрудың іргетасы. Елбасының биылғы Жолдауы – эконо­миканы, саясатты және қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды жобасы. Сондықтан студенттер, Президент алға қойған жаңа ауқымды міндеттер елімізде дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратын жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын сеніммен мәлімдеді.

Айдана НҰРМҰХАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*