Телефон арқылы сөйлесті

972
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Саудпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында әлемдік мұнай нары­ғындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасып, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың қазан айындағы Сауд Арабиясына ресми сапарының қоры­тындысы бойынша қол жет­кізілген уағдаластықтардың орын­далу барысын талқылады.
Сауд Арабиясының Королі екі­жақты қарым-қатынастың дамуына ерекше мән беретінін айтып, Сауд Арабиялық компанияларға Қазақ­стандағы мұнай және газ өңдеуге арналған жобаларды жүзеге асыруға атсалысу жөнінде тапсырма беруге ниетті екенін атап өтті.
Сонымен қатар Салман бен Әбдел Әзиз әл-Сауд Қазақстан Президентін Астанадағы ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесінің және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жө­нін­дегі бірінші саммитінің табысты өтуімен құттықтады.
Сондай-ақ екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жал­ғастыру жөнінде уағдаласты.
Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*