Міндеттер анықталды

1238
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Парламентінің депутаты, Орталық Азия елдерімен достық парламенттік тобының төрағасы Вилле Скиннари бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты қаты­нас­тар және парламентаралық ынты­мақ­тас­тық мәселелері талқыланды. Сенат төра­ға­сы 1917 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Фи­нлян­дия жоғары деңгейдегі экономи­ка­лық және техноло­гиялық даму нәтижесін көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Қ.Тоқаев­тың айтуын­­ша, Финляндиямен қарым-қатынас, соның ішінде, әсіресе, «жасыл» тех­нологиялар мен жаңартылатын энергия көз­дерін пайдалану трансферті мәселелері бойын­ша тәжірибесі мол Суомимен ын­тымақтастық Қазақстанға зор ықылас туғы­зып отыр.
Сенат басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2015 жылғы V съезінің жұ­мысына қосқан үлесіне орай Финляндия пре­зиденті С.Ниинис­теге ризашылық біл­дірді және EXPO – 2017 халық­аралық көр­месіне белсенді қатысқаны үшін фин бас­шы­лы­ғына алғыс айтты.
Тараптар Астанадағы EXPO алаң­да­рын­да көрсетілген жобалар, яғни БҰҰ «ж­а­сыл» технологиялар мен инвес­ти­циялық ж­о­баларды дамыту жөнін­дегі халықаралық хаб, «Астана» халықаралық қаржы ор­талығы, халық­аралық ІТ-стартап тех­нопаркі аясында бұдан былайғы ынты­мақ­тас­тықтың келешегі туралы пікір алмасты. Фин депутатының айтуынша, бұл са­ла­ның екіжақты ынтымақтастық әлеуе­тін іске асырудың зор мүмкіндігі бар.
Сенат төрағасы Қазақстан мен Фин­лян­дияның көлік-логистика саласындағы, әсіресе, қытайдың «Бір белдеу, бір жол» және Қазақстанның «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасын ұштастыру тұрғысында әріптестік қатынастарының келешегі зор екенін атап өтті. «Біз Финляндияны Балтық жаға­лауын­дағы елдер мен Солтүстік Еуропа ай­мағындағы жетекші көлік хабы ретінде қа­рас­­ты­рамыз» деді Қ.Тоқаев.
Ол білім беру саласындағы ынты­мақ­тас­тыққа баса назар аудара отырып, кеңі­нен тәжірибе бөлісуге, сондай-ақ оқыту­шы­лар мен студенттер алмастыруға ша­қыр­ды.
Парламент жоғарғы палатасының бас­шы­сы Президент Н.Назарбаевтың жыл сайын­ғы жолдауы туралы хабардар етіп, Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­дайын­дағы елімізді жаңғыртудың 10 негізгі мін­деті жайында тоқталды.
«В.Скиннари Жолдауды жоғары бағалай ке­ле, екі елдің алдында тұрған цифрлан­дыру, экономикалық рефор­ма­лар, «жасыл технологияларды» дамыту, сыбайлас жем­қорлықпен күрес және басқа да жауапты мін­деттердің ортақты­ғын атап өтті. «Бұл қа­терлерді ойдағыдай еңсеру үшін бізге бір­ге жұмыс істеу керек» деді фин парла­ментшісі. Ол Қазақстан алдында ауқымды міндеттерді шешуде Финляндияның жәр­демдесуге әзір екенін нақтылады.
Сенат басшысы сөз соңында екі­жақты парламенттік өзара іс-қимылдың қарқы­ны­на ризашылық білдіріп, фин тарапын пар­ламенттік делегациялар алмасуға ша­қырды.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*