Фин қалаулыларымен кездесті

1115
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин фин Парламентіндегі «Финляндия – Қазақстан» достық тобының төрағасы Вилле Скиннари бастаған делегация өкілдерін қабылдады. Кездесуде Елбасының биылғы Жолдауы әңгіме өзегіне айналды. Тараптар қазақ-фин қарым-қатынастарын да тілге тиек етті.

Қазақстан Президенті таяуда Қазақ­стан халқына арнаған кезекті Жол­дауын­да мем­ле­кет алдында тұрған он басым ба­ғытқа тоқтал­ға­нын атап өткен Нұрлан Нығ­мату­лин, әсіре­се, цифрландыру және жаңа технология­ларды ендіру мәселеле­ріне барынша көңіл бө­­лін­генін айтты. Сон­дық­тан Мәжіліс төрағасы фи­нлян­­дия­­лық әріптестерімен бірге, аталған са­ла­ны заң­на­малық тұрғы­дан қамтамасыз ету жайын талқыға салды.
Өйткені Нұрлан Зайроллаұлының бай­­ла­мын­ша, Финляндия әлемдегі жаңа­шыл мем­ле­кет­тердің «онды­ғына» кіреді. Тиі­сінше, ин­но­вация­лық экономиканы заң­намалық қам­тамасыз ету саласындағы фин тә­жі­ри­­бесі елі­міз үшін қызығушылық ту­дырады. Палата спи­кері ын­ты­­мақ­тас­тық жөніндегі парла­мент­тік топ­тар­дың өзара іс-қимылы бұл про­цес­ке үлкен үлес қо­сатынына екпін түсірді.
Өз кезегінде мәртебелі мейман Вилле Скин­­нари Қазақстан Прези­ден­ті Жол­дауы­­ның және ол құжатта бел­гі­лен­ген бағыт­­тар­дың маңыз­ды­лы­ғын баса айтып, бұл салада бірлесе қимыл­дау үшін ортақ ар­налар бар еке­нін нұсқады. Фин парла­мент­­­ші­сі­нің пікі­рін­ше, бұл, бірінші ке­зекте, инно­ва­ция­­лық са­ла­ларға және осы бағыт­тағы бірлескен жо­баларға, сон­дай-ақ цифрландыруға, таза тех­но­логиялар мен ақылды қалаларға қатысты.
Жүздесушілер Қазақстан мен Фи­н­лян­­дия ын­тымақтастығының стра­тегия­лық сипатқа ие екенін атап өте келіп, екі­жақты қарым-қа­ты­нас­тар­дың бірізді да­муына сенім білдірді.
Нұрлан Нығматулиннің айтуын­ша, ұдайы кез­десулер тәжірибесін жалға­с­тыр­­ған фин де­путаттарының біз­дің елі­мізге сапары пар­ла­ментара­лық тиімді ық­палдас­тықтың дамуын куә­лан­дырады.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*