Президент жолдауы – басты назарда

1165
2
Бөлісу:

Сенат депутаттары Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы мұғалімдермен, жастармен және аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Жиынның басты тақырыбы Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы болды. 

Сенаторлар Жолдаудың мазмұнын ауыл тұрғындарына түсіндірді және қойылған сауалдарға жауап берді. Халық қалаулылары еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жет­кен табыстары мен әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі атқарылған жұмыс­тарға, индустрияландыру және агро­өнер­кәсіп кешенін дамыту мәселелеріне тоқтал­ды. Одан басқа, жаңа Салық кодексі­нің не­гізгі ережелері, «2018-2020 жылдарға арнал­ған республикалық бюджет туралы» заң және Парламент 2017 жылы қабылдаған басқа да маңызды заңдарды айтып өтті.
Депутаттар С.Бектұрғанов пен Ж.Нұрға­лиев Қостанай облысында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универ­ситетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Онда Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелері талқыланды. Сенат депутаттары индустрия­ландыруға, агроөнеркәсіп кешенін да­мытуға, көлік-логистика инфрақұрылы­мына, құрылыс және коммунал­дық салаға қазіргі заманғы технологияларды енгізуге қатысты сауалдарға жауап берді.
Сенатор Р.Әбдікеров Қарағандыдағы екі мекемеде кездесу өткізді. Олардың бірі – облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масы болса, екіншісі Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында ұстаздар қауымымен жүздесті. Сенатор ауыл шаруашылығы саласының мамандарына Елбасы Жолдауынан туындайтын негізгі мәселелерді түсіндірді.
Депутат Ә.Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысында өнер­кәсіп және ауыл шаруа­шылығы кәсіпорындарының, әлеу­меттік мекемелердің еңбек ұжымдарымен кездесті. Сенатор Сарыағаш, Қазығұрт, Созақ, Бәйдібек, Ордабасы, Төле би, Сайрам және Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездесіп Жолдаудағы 10 негізгі міндет жайында әңгімелесті.
Елдос Сенбай

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Asel Azamatova 13 Қаңтар, 2018 at 16:56 Жауап

    Әрине, әр Қазақстандықтардың ең бірінші мақсаты болып, хаттамамен танысып оны іс жүзіне интергациялау болып табылады. Себебі, барлығында мақсат бір, ол, мемлекетімізді дамыту болып табылады.

  2. Бегайым 13 Қаңтар, 2018 at 19:48 Жауап

    Сенат депутатары халыққа Жолдаудың мазмұнын ауыл тұрғындарына түсіндіргені және қойылған сауалдарға жауап бергендері өте құантады. Әрбір азамат Жолдаумен таныс болу қажет.

Пікір жазу


*