Тәртіпке бағынған техника

1171
0
Бөлісу:

«Ақтөс» – Қазақстандағы алғаш рет төрт аяғын бірдей қозғалта алатын құрылғы. Робот жүре алады, кедергі­лерден қиындық­сыз айналып өтеді. Жапония еліндегі Takeda Foundation қоры ұйымдастырған семинарда бұл жоба жоғары бағаны иеленді.
Ұлжан Әбуова студент кезінен бастап, роботтардағы микро­кон­троллерді зерттеуді қолға алған. Ал­ды­мен әкесі Арыстанбек Тұяқбаев екеуі жаңа зертхананың жоба­сын дайын­дапты. Зертхана 5 бөліктен тұ­рады әрі кешенді түрде құрастырылған. Сон­дай-ақ 2019 жылдан бастап мектеп бағ­дарламасына енгізілетін «робото­тех­ника» пәні­не қажетті құралдармен жаб­дықталған.
Робот үшін барлық құрылғылар Ресей­ден әкелінген. Бүгінде Ақтөске жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
– Сыртқы бейнесін құрастыру, оның қадамдарын дұрыс есептей алу үшін ақылды күшік типін таңдадым. Ақтөстің сыртқы пішіні 3D принтері арқылы шығарылды. Қазіргі кезде, күшікке адамдардың бет-әлпетін, дауысын тани алатындай жасанды интеллект орнату үшін зерттеу жүргі­зудеміз. Ақтөстің микроконтрол­ле­рінде арнайы бағдарлама жазылған. Сондықтан оны қа­шықтықтан бас­қаруға болады, – дейді туынды ав­торы.
Қызылордалық өнертапқыштың мұнан өзге, микроконтроллер арқылы темпе­ра­тураны, жарықты, газ қы­сымын басқаруға арналған жобалары бар. Қазіргі таңда мұнай тұтқырлы­-ғын есептеуге арналған құрыл­ғысы қолданыста.
Таяуда ғана Ұлжан робототех­ни­каны үйренгісі келетін балалар үшін авторлық курс ашты. Мұнда робот­тардың жадынан бастап, жасанды интеллекттің құрылымына дейінгі зерттеулер үйретіледі.
Жас маман ұялы телефон арқылы бас­қарылатын медициналық аспап жасауды жоспарлауда. Оның ерек­шелігі, телефонның құлаққап немесе қуаттағыш қосылатын бөлігіне жал­ғанатын болады. Сол арқылы адам­дардың қан қысымын кез келген уақытта өлшеуге мүмкіндік туын­дай­ды. Ұлжан Арыстанбекқызы оқушы­ларға ар­налған қазақ тіліндегі оқу­лықтар дайын­дайтынын да атап өтті.

Гүлдана ЖҰМАДИН,
Қызылорда қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*