АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында халықтың өмір ұзақтығы мен балалы болу көрсеткіші туралы баяндалған. Қазіргі таңда қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 72,3-ке жетіп отыр. 1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 болатын.
Қазақ елінің 33 басты нәтижесінің 12 тармағында «Қазақстандықтардың өмір ұзақтығы мен балалы болу көрсеткіші ұлғайып келеді, тұтастай алғанда ұлттың денсаулығы жақсарды. Соңғы екі он жылдықта 1300 денсаулық сақтау нысаны, 500 аурухана мен емхана салынды. Күнделікті емдеу тәжірбиесіне жоғары медициналық технология саласынан 43 жаңалық енгізілген. Көліктік медицина дамуда» деп жазылған.
Қазақ елінің 33 басты нәтижесінің 12 тармағында «Қазақстандықтардың өмір ұзақтығы мен балалы болу көрсеткіші ұлғайып келеді, тұтастай алғанда ұлттың денсаулығы жақсарды. Соңғы екі он жылдықта 1300 денсаулық сақтау нысаны, 500 аурухана мен емхана салынды. Күнделікті емдеу тәжірбиесіне жоғары медициналық технология саласынан 43 жаңалық енгізілген. Көліктік медицина дамуда» деп жазылған.
Сондай-ақ Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде «Реформа жүргізу заңдық негіздемені талап ететіні белгілі. Сондықтан 2009 жылдың желтоқсанында «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс қабылданды. Мұның өзі ұлттық медицинаның мәртебесін биіктетіп, оның экономиканың шектес тармақтарымен ғана емес, мемлекеттік институттарымен де өзара толыққанды әрекеттесе алатын, әбден қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық сала деңгейіне жеткенін аңғартатын еді. 2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізіле бастады. Ол емделушінің ауруханаға жатар кезде дәрігер мен медициналық ұйымды өзі таңдай алуын, сондай-ақ қаржыландыруды емдеу нәтижелеріне қарай айқындауын көздейді» деп баяндаған.
Мамандар өмір сүру ұзақтығы 1991 жылмен салыстырғанда 4,4 жылға артқанын айтады. Мұндай көрсеткішке Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Денсаулық сақтау саласын реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілген. Негізі, Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылға дейін азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Аталған межеге жету мақсатында «Денсаулық» бағдарламасы бекітіліп, жұмыс жасалып жатыр.
Сонымен қатар халықтың туу көрсеткіші 8,2%-ға өсіп отыр. Мәселен, туу көрсеткіші 2015 жылдың нәтижесі бойынша 1000 тұрғынға шаққанда 22,72-ні құрады. Аталған көрсеткіш тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 21 болатын. Бұған дейін ана мен бала өлімі еліміздің кейбір аймағында кездесіп қалып жататын. Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 және 3 есеге төмендеді. Мәселен, 1991 жылы ана өлімі – 100 мың тірі туғанға шаққанда 67,2 болса, 2015 жылы 12,5-ге дейін төмендеген. Сонымен қатар сәби өлімі 1991 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 27,4-тен 9,39 пайызға дейін азайып отыр.
Мамандардың айтуынша, тәуелсіздік жылдарында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеген. Мысалы, 1000 тұрғынға шаққанда 1991 жылы 8 пайыз болса, 2015 жылы 7,52-ге дейін азайған. Бұл көрсеткіш негізгі себептерден туындайтын өлім-жітімді азайту арқылы жүзеге асып отыр. Яғни, қан айналымы жүйесінен болатын өлім – 1,9 есеге, қатерлі ісік ауруларынан – 33%-ға, қайғылы оқиғалар салдарынан, жарақаттану мен уланудан 23,1%-ға төмендеген.
Қазіргі таңда елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілейін деп жатыр. Сала мамандары аталған жүйенің халықтың денсаулығын сақтауда маңызы жоғары екенін айтуда.
Серік ЖОЛДАСБАЙ