Елдің қымбат байлығы

1012
0
Бөлісу:

Қазақ «қызға қырық үйден тыйым» дем бекер айтпаса керек. Адал жар, болашақ ана тек өз шаңырағының ғана құты болып қоймай, елдің де еңсесін тіктететін, саналы ұрпақтың өсіп-өркендеуіне орасан күш жұмсайтынын да біліп жүргені абзал. Сондықтан да ата-бабаларымыз қыз баланың суық жүріс пен сумаң қылықтан, өсек пен өтірік сөзден бойын аулақ ұстауын үнемі назарында ұстаған.

Жақында Бесағаш ауылының №45 мектеп гимназиясының 8-«Б» сынып қыздары арасында «Қыз бала тәрбиесі – елдің қымбат бай­лығы» атты сырласу тәрбие сағаты өтті. Шара барысында оқушылар қыз баланың жүріс-тұрысы, киімі мен тазалығы, сыпайлығы мен ақыл­дылығы һәм алғырлығы тура­лы әңгімелесіп, ойларында жүрген сұрақ­тарына жауап ала білді. Қай­рат­тылық пен өжеттілікті өн бойына қатар жинап, биязылы­ғы­мен өзін бағалата білген қазақ қызының болмысы – тектілігіміздің айнасы екені белгілі. Сондықтан да қыздарымыз қоғамдағы алатын өз орнын біліп, көңілге кірбің түсір­месе екен дейміз. Себебі, ұр­пақ тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы.
Майра МҰҚАНОВА,
Алматы облысы
Талғар ауданы

Бөлісу:

Пікір жазу


*