АҚШ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

1052
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джордж Кролдың Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты да­мытуда ерекше рөл атқаратынын айтып, бүгінгі кездесу Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штат­тарына ресми сапары қарсаңында өтіп жатқа­нын атап өтті.
– 26 жыл ішінде біздің елдеріміз арасында өзара достық қарым-қатынас орнап, 70-тен астам мемле­ке­таралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келі­сімге қол қойылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Д.Трамппен бірге стратегиялық серік­тестіктің басым бағыттарында, соның ішінде терро­ризмге қарсы күрес жүргізу, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласында, сондай-ақ сауда-эко­но­микалық және инвестициялық ынтымақтастық ая­сын одан әрі кеңейту бағытында қол жеткізілген уағ­­даластықтардың маңыздылығын айтты.
– Қазақстанда Америка капиталының қатысуы­мен 500-ге жуық компания жұмыс істейді, солардың 140-тан астамы – бірлескен кәсіпорындар. Олар тауар өндіріп, өнімдерін басқа елдерге экспорттаумен ай­налысады, – деді Қазақстан Президенті.
Джордж Крол Қазақстан Республикасындағы дип­ло­матиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстан Пре­зи­дентінің алдағы сапары екі мемлекет арасын­дағы бай­ланысты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдір­ді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз