Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесі

1765
0
Бөлісу:

Қымбатты отандастар!

Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп бе­ріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды.
Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.
Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз ре­формаларды жүргізіп келеміз.
Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық.
Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабыл­данды.

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін адамзат жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басып отыр.
Заманауи технологиялар дүниені өзгеріске ұшы­ратуда.
Жаһандық технологиялық ілгері­леу­шіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде.
Бұл – біздің әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігіміз.
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауым жарияланды.
Ол елімізді Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамытуға арналған.
Мен алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі мін­детті көріп тұрмын.
Енді олардың мәнін қысқаша мазмұндап бер­сем деймін.
Бірінші. Қазақстан индустриясы жаңа техно­логияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Біздің өнеркәсібімізге еңбек өнімділігінің дең­гейін өндірістік процестерді цифрландыру және заманауи бизнес-модельдерді меңгеру арқылы арттыру керек.
Екінші. Ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиім­ділігін айтарлықтай жақсартқан жөн.
Ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіледі.
Олар алынатын ресурстардың үлесін, оларды қай­та өңдеудің ауқымын ұлғайтуға, сондай-ақ өндірістің энергия тиімділігі мен экологиялылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Үшінші. Агроөнеркәсіп кешенін жаңа техноло­гия­лық деңгейге көтеру керек.
Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс.
Төртінші. Транспорт пен логистикалық инфра­құрылымды одан ары дамыта беру.
Цифрлық технологияларды енгізу мен Интел­лектуал­ды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді.
Бесінші. Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияларды қол­дану.
Құрылыстың жаңа тәсілдері, ғимараттардың энергия тиімділігіне талап­тардың арттырылуы, инфрақұры­лымдарды басқарудың интеллектуалдық жүйелері қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Банк жүйесін сауықтыру шаралары бақылауды күшейтумен қоса жүруі және қарапайым азамат­тар­дың мүддесін ескеруі тиіс.
Банк иелері мен оларды бас­қа­ра­тындардың жауапкершілігін айтарлықтай арттыру қажет.
Несиелендіруді кеңейту және қор нарықтарын дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі.
Жетінші. Адами капиталдың жаңа сапасы.
Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шын­дығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс.
Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арт­тыру керек.
Денсаулық сақтау саласында жаңа техноло­гия­ларды қолдану аурулардың алдын алу мен емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызмет көр­се­тулердің сапасын жоғарылатуы тиіс.
2016-2017 жылдары әлеуметтік төлемдер үш рет арттырылды.
Оның ішінде базалық зейнетақылар 29%-ға, ын­тымақты зейнетақылар 32%-ға, денсау­лық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбек­ақы­лары 28%-ға дейін, білім беру саласы қыз­мет­кер­лерінің еңбе­кақы­лары 29%-ға дейін, мемлекеттік қызметшілердің еңбек­ақы­лары 30%-ға ұлғайтылды.
Бұл үрдіс жалғастырылатын болады.
Үстіміздегі жылы әлеуметтік салаға деген бюд­жет шығындары 12%-ға арттырылып, 4 триллион теңгеден асып түседі.
Базалық зейнетақы жұмыс өтілі ескеріле оты­рып, орташа есеппен 1,8 есе көбейеді.
Оқу бағдарламаларының жаңар­тылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктілігін дәлелдеуіне байланысты 30-дан 50%-ға дейін өсетін болады.
Сегізінші. Бұл – тиімді мемлекеттік басқару.
Цифрлық технологиялар бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуды жалғастыруға, мем­лекеттік қызмет көрсетулер мен мемлекеттік қол­дау сапасын жақсартуға, азаматтар сұранысын то­лығырақ ескеруге мүмкіндік береді.
Өңірлердің экономикалық еркіндігі мен жер­гілікті өзін-өзі басқаруы кеңейтілетін болады.
Тоғызыншы. Заң үстемдігі мен жем­қорлықпен күрес мемлекеттік сая­саттың басым бағыттары бо­лып қала береді.
Оныншы. «Смарт сити» технологияларын енгізу өсіп келе жатқан қалалардың проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беріп, олардың инвес­торлар үшін тартымдылығын арттырады.
Бүгінде баршамызға осы он міндетті шешу жолында жұдырықтай жұмылу қажет.
Олар Жолдаудың толық мәтінінде егжей-тегжейлі мазмұндалған.

Құрметті қазақстандықтар!

Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек.
Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты.
Осыны әрбір қазақстандық терең түсінуі керек.
Қазақстанның жарқын болашағы жолында бар­лық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!


 

 

Пікірлер

Рахман АЛШАНОВ,
экономика ғылымдарының докторы:
– Елбасы Жолдауында айтылған барлық он басымдық қазіргі замандағы сын-тегеуріндерге толық жауап береді. Президент осы бағыттағы әрбір салаға, әр шараға қатысты байыпты міндеттер белгілеп, нақты салмақ сала кетті. Меніңше, жаңа Жолдаудағы елге, мамандарға арналған маңызды үндеу де осы.
Бұл шаралар бізде де, әлемде де сынақтан өткен және нақты нәтижелерін берді. Соның арқасында өткен жылы Қазақстан экономикасының 4 пайыздық өсуіне қол жеткізілді. Әлемде көрсеткіш бұдан әлдеқайда төмен болды. Көрші Ресейдің өзінде жалпы ішкі өнімі тек 1,8 пайызға өсті. Ендеше, бұл мемлекет уақыт сынынан өткен дұрыс стратегияны жүзеге асыруда, ал жүргізіліп жатқан экономикалық саясат қомақты жемістерін беруде деген сөз.
Санат КӨШКІНБАЕВ,
Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары:
– Президент Жолдауының мәніне тоқталсақ, ол қазір әлемнің технологияларды қарқынды түрде дамытуға көшкеніне, яғни технологиялық төңкеріс болып жатқанына екпін түсіреді. Қазақстан үшін осы үрдістердің үдесінен табылу төтенше маңызды. Осы орайда, Президент технологиялық және экономикалық тұрғыдан артта қалмау үшін Қазақстан қабылдауы қажет нақты шараларды ұсынды. Яғни, бұл жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы еңбек өнімділігін арттыру туралы сөз болып отыр.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, соның ішінде әсіресе, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы осы міндеттерді шешуге бағдарланған. Еліміз бәсекеге қабілетті бола түсуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Жолдауда ұсынылған шаралар білім саласындағы, кадрларды даярлаудағы тың бетбұрыстарға жол ашады. Бұл ретте мұғалімдердің айлығын көтеру туралы мәселе қойылып отыр.
Отандық білім саласы заманауи трендтер мен уақыт талабына жауап бере алатындай бәсекеге қабілетті болуы керек. Бұл өзгерістердің мән-мазмұны біздің Индустрия 4.0 парадигмасына, яғни дәл қазір дүниежүзінде болып жатқан озық өзгерістерге сай келуіміз керектігін көрсетеді.
Ерлан САИРОВ,
Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары:
– Қазақстан дамудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың үлгілі моделін түзіп, табысты жүзеге асыруда. Мұны халықаралық сарапшылар мойындап отыр. Әрине, қазіргі кезде әлемдегі өркендеудің жалпы таныған әдістемесі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсіміне құрылған. Алайда дүниежүзінде ЖІӨ-нің өсімі мен отбасылардың дамуының ара-жігі барған сайын артуда. Тиісінше, ресми экономикалық статистика мен әлеуметтік көңіл-күй арасында айырмашылықтар байқалуда. Менің ойымша, Елбасы Жолдауында айтылған ірі міндеттерді іске асырып, жетістіктерге жету үшін біздің Қазақстанның төл ерекшеліктеріне және мүдделеріне жауап беретін өз әдістемемізді, «мемлекет пен қоғамның дамуы индексі» бойынша автономды моделімізді жасауымыз керек.

Бөлісу:

Пікір жазу


*