Партия ұйымдарында – жаңа бастама

837
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдары жетекшілері үшін жиналыс өткізді. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат пен қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков төрағалық етті. 

Күн тәртібінде 2017 жылдың 3 қараша­сын­да өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген отырысындағы Ел­ба­сы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясын жаңғырту туралы айтқан мәлімдемесі талқыланды.
– Партияның еліміздегі стратегиялық ре­формаларды іске асыру жолындағы же­тістіктері мен атқарған жұмыстары көп, күр­делі әрі жүйелі шешімдер қабылдау қа­жеттігі және оларды дәйекті іске асыру – біздің басты мақсатымыз.
Өткен жылдар ішінде партия еліміздегі жағдайды тұрақтандыруға, Қазақстанды да­мыту мен халқымыздың әл-ауқатын жақ­сарту жолындағы міндеттерді орын­дау­ға зор үлес қосты, – деді Шәбден Тілеу­мұрат.
Арын Асқарбеков Партия Төра­ға­сының «Бiрiншiден, партиялықтардың өздерi бұның не екенiн жақсы бiлуi керек. Партия мүшелерi мәселенi жақсы игерiп, халыққа түсiндiре алуы қажет. Бүкiл халық «Ру­хани жаңғыру» мәселесiн қолдап жат­қанын да бiлесiздер. Соны қолға алып, тү­сiн­дiре бiлу керек. Партияның өзiн жаң­ғыртуына келсек, бiз 2017 жылы жа­рия­ланған үш жаңғырту бағдарламасын жү­зеге асырудағы партия рөлiн жақсы бiлуi­мiз тиiс. Осы бағдарламалардың дұ­рыс жүзеге асуына қатысу үшiн партия өз жұмысын қайта құрудың нақты меха­низм­дерiн анықтауы қажет. Бiз бүгiн әңгi­ме­лесiп, нақты шешiмдер табамыз деп сене­мiн», – деген сөзін тілге тиек етті.
Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясын жаң­­ғырту туралы ақпаратты партия ұйым­дары­ның жетекшілеріне жан-жақты жет­кізуді мұрат еткен жиынға БАҚ өкілдері де қатысты.

 

Ерман ӘБДИЕВ
Жамбыл облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*