Тәртіп сақшыларымен жүздесті

1253
0
Бөлісу:

Парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарының ауыл-аймақтағы сапарлары жалғасуда. Кеше сенаторлар Павлодар облысының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті.

Павлодар облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген сенаторлар М.Көбенов пен Н.Нұрсипатов өңірдегі құқық қорғау орган­дарының басшылығымен және қызмет­кер­лерімен кездесті. Депутаттар облыстық сот, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің департаменті, ішкі істер департаменті және шекара қызметінің әскери бөлімінде болды.
Сенаттың өткен жылғы заң шығару қыз­ме­тінің қорытындысы кездесудегі әңгіменің басты тақырыбына айналды. Сенаторлар Президенттің бірқатар өкілеттігін биліктің заң шығару және атқарушы тармақтарына беруін көздейтін конституциялық рефор­малар туралы әңгімеледі. Ата заңға енгізілген түзетулерде адам құқықтарын қорғау мәселе­лері де қамтылды, сот жүйесі мен прокуратура қызметінің конституциялық негіздері нақ­тыланды.
Жоғарғы палата депутаттары бірқатар құқықтық актілерге енгізілген әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған өзгерістер туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті.
Сенаторлар кездесуге келген азаматтар сауалдарына жауап беріп, Ертіс өңіріндегі заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұ­мыстарды жетілдірудің келешегін талқылады.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*