Қазақстанда зейнетақы өседі

1178
0
Бөлісу:

Биылғы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстанда ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, базалық зейнетақы 6 пайызға өсті.
Бұл Елбасының өткен жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, жүзеге асырылып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, ел Прези­дентінің сол жолдауында қойылған міндет бойынша былтырғы жылы 2 миллионнан астам зейнеткерлердің зейнетақысы 20 пайыз­ға дейін арттырылған. Бұл ретте 2017 жылы Қазақстанда зейнетақы төлем­деріне республикалық бюджеттен жалпы көлемі 1,6 триллион теңге жұмсалыпты.
«Базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойын­ша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне бай­ланысты белгіленеді. Осы өсімнің бар­лығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстыр­ған­да 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді», – деген болатын Мемлекет басшысы.
Ведомство биылғы жылы елімізде зейнетақыны есептеу жүйесі реформалана­тынын нақтылады: «2018 жылдың 1 шілде­сінен бастап, зейнеткерлердің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зей­нетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап, елімізде зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрай­тын болады», – деп мәлім етті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр­лігі.
Биыл азаматтарды зейнетақымен қам­сыздандыру үшін ел бюджетінен 1,9 трил­лионнан астам теңге қарастырылып отыр.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*