ТМД ТИІМДІ ТҰСТАРЫ КӨП БОЛДЫ

1138
0
Бөлісу:

Қазақстан ТМД мем­ле­кеттерінің арасында тұң­ғыш нарықтық экономика елі мәртебесін иеленді. Тәуел­сіз Қазақ елінің ең бас­ты 33 нәтижесінің бірі ре­тін­де сипатталған бұл бөлім –
Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде жазылған.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы 1991 жылдың 8 желтоқсан күні Минскідегі келісімге байланысты дүниеге келгені көпшілікке белгілі. Өйткені Ресей, Беларусь және Украина басшылары Беловежде кездесіп, 1922 жылы пайда болған КСРО құрылуы туралы келісімнің бұзылғаны және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойған еді. Бес күннен кейін Орта Азия басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. Сондай-ақ бір аптадан кейін Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан басшылары Алматы қаласында кездесіп, ТМД ұйымын құрылғанын ресми түрде жариялады.

Бұл туралы Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуел­сіздік дәуірі» атты еңбегін­де жан-жақты қамтылған. Мыса­лы, аталған кітапта «Алма­ты декларациясында атап көр­се­тіл­гендей, оның бар­лық қатысу­шы­ла­ры жалпы эконо­ми­ка­лық, жалпы­еуропалық және еуразия­лық нарық кеңіс­тігін, қалыптастыруға және дамы­туға мүдделі болды. Мұндай редак­цияны Қазақстан талап етті. Өйткені біз бүкіл еуразиялық кеңіс­­тік­тегі миллиондаған адам­ның Достастықтан не күтетінін жақ­сы білетінбіз. 1993 жылдың қыр­­күйегінде қол қойылған Эко­номикалық одақ құру тура­лы келісімшарт ТМД елдері ара­сын­дағы экономикалық ықпал­дастық­тың тұңғыш қадамы бол­ды» дейді автор.
Азаттықтың алғашқы жылда­рында Тәуелсіз мемлекеттер дос­тас­тығының тиімді тұстары көп болды. Алайда соңғы жылдары аталған ұйымның саяси салмағы азайып бара жатқанын білікті сарап­шылар айта бастады. Бұл жө­нінде Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде тарқатып жазған.

Сапарбай ЖҰБАЕВ,
экономика ғылымдарының кандидаты:
– 1991 жылы ТМД құрылғаннан кейін ұйымға мүше мемлекеттер үш бағытта әрекет етті. Мәселен, Өзбекстан, Украина, Беларусь сияқты мемлекеттер өз күшіне сеніп жұмыс жүргізсе, екінші мемлекеттер өзара дауласудан арыға аса алмай қалды. Нақ­тырақ айтсам, Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжал және Тәжікстандағы азаматтық соғыс нарықтық экономикаға дер кезінде көшуге ерік бермеді. Қазақстан мен Ресей ашық елге айналып, нарықтың заңына сәйкес дамудың даңғыл жолына түсті. Шет елден келген инвестицияға шектеу қоймағаннан кейін қос мемлекет экономикалық тұрғыдан өзгелерден оқ бойы озық шықты. Қазіргі таңда ақша және экономикалық саясат бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып отыр.
Армения, Өзбекстан сияқ­ты жабық мемлекеттер ортада қалып кетті. Оның үстіне нарық­тық экономикаға көшкен мемле­кеттерді Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры қолдап, бағыт-бағдар беріп отырды. Қазіргі таңда ТМД елдері арасында Қазақ елі экономикалық жағынан Ресейден кейінгі екінші орынды еншілеп отыр. Қалған мемлекеттер, өкінішке қарай, біз сияқты дер кезінде реформа жасай алмай қалды. Өйткені біз нарықтық экономикаға көшуді Тәуелсіздік алған алғаш­қы жылдарда бастап кеткен бола­тын­быз. Осының арқасында біз ТМД мемлекеттері арасында тұң­ғыш нарықтық экономика елі мәртебесін иелендік. Қазіргі таңда азаттықтың алғашқы жылдарында жасаған сәтті қадамның оң нәтижесін көрудеміз.

Серік ЖОЛДАСБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*