Қуатты әскер – қуатты Қазақстан

1246
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшы­сына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту мен әскеріміздің жауынгерлік дайындығын арттыру мәселелері бойын­ша 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев армиямыз құ­рылғаннан бергі 25 жыл ішінде аумақтық тұтастығымыздың, мемлекетіміздің эко­номикалық тұрғыдан өркендеуі мен беделінің нығая түсуінің кепіліне ай­налғанын атап өтті.
– Біз биыл мемлекетіміздің әскери құрылымының бағыты мен оны ары қарай дамытудың міндеттері белгіленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктри­наны, Қарулы Күштерді да­мытудың тұ­жырымдамасын бекіттік. Осы құжаттарды іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен бір жарым есе өсуге тиіс. Арнаулы опера­циялар күшінің мүм­кіндіктері үш есе артатын болады, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күштері киберәскерінің басқару пунктін аралап көріп, ақпараттық жүйелердің киберқор­ғанысын қамтамасыз етудің қазіргі мүмкіндіктерімен танысты.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев елі­міздің Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*