Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс төрағасы: Дәуірлік жеңістер жылы

999
0
Бөлісу:

– 2017 жыл барша қазақстандықтардың есінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір дәуірлік жеңістерінің жылы, үлкен өзгерістер кезеңі ретінде қалатыны сөзсіз. Осы жылы Елбасы шын мәнінде, теңдесі жоқ конституциялық реформа жасау арқылы саяси жаңғыру процесіне бастамашы болды. Біз осы реформаны жүзеге асыруға бағытталған заңдарды қарап, қабылдадық.

Қазіргі уақытта «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағдарламасы аясында экономикалық дамудың жаңа белестерін бағындыру үшін қолайлы жағдай жасалуда.
Сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігі, Астанада өткен EXPO – 2017 әлемдік көрмесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының және Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиттері, Сирия жанжалын бейбіт реттеу жөніндегі Астана процесі, осының барлығы – Елбасының орасан зор халықаралық беделінің айғағы.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*