Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Сенат төрағасы: Жыл өзгерістерге толы болды

1085
0
Бөлісу:

– Тоқтаусыз уақыттың тағы бір жылын арт­қа тастадық. Бір қарағанда, қас қағымда өте шыққандай көрінгенімен, ауқымды жаңғыру жо­лына түскен Қазақстан үшін де, көз ілеспес жыл­дам­дықпен дамып, күніне қырық құбылып жат­қан жаһан үшін де бұл жыл – үлкен өзгерістерге толы болды.
Жыл басында Елбасы халыққа Жолда­уын­да институттық реформаларды бетке ал­­ған Қазақстанның қарыштап дамуына қар­қын беретін жаңа стратегиялық бағыт­тарды бел­гілеп берді. Еліміздің Үшінші жаңғыруының бас­тал­ғанын жария етті. Бұл – теңдесіз тарихи құжат…
…Қазақстанды әлемге дамыған елдер қатарынан орын алуға ұмтылған амби­циясымен, толеранттылығымен және бейбітшіл, бітімгер ел ретінде танытқан Тәуелсіздіктің 26-шы жылы Ұлы тарих қойнауына енгелі тұр. Елбасының «Ұлы тарих – кемел келешекке жетелейді» деп айтқанындай, кемел келешекке қажетті заңнамаларды қабылдау қызметін Парламент жаңа жылда тың күш-жігермен жалғасыратын болады.

 

Айхан ШӘРІП

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*