Ынтымақтастық нығаяды

1637
0
Бөлісу:

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Франция Республикасының елшісі Филипп Мар­тинэмен кездесу өткізді. Жүздесу бары­сында парламентаралық ынтымақ­тастықты нығайту перспективалары талқыға салынды.

«Парламенттік делегациялардың сапар­ларымен алмасу тәжірибесін жал­ғастыру, біздің елдеріміздің заң шы­ғарушы органдарының бейінді коми­теттері мен аппараттары дең­гей­леріндегі байла­ныс­тарды жолға қою – парла­мен­таралық өзара ынтымақ­тастыққа жаңа серпін береді деген ойдамын», – деп атап өтті комитет төрайымы. ДариғаНазар­баева – Қазақстан­дық Сенаттағы Фран­циямен ынтымақ­тастық тобының жетекшісі.
Осы күні Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген оты­ры­сында Қазақстан және Ирландия үкі­меттері арасындағы «Табысқа салы­натын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвен­ция­ны және оған хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
2017 жылғы 26 сәуірде Астанада қол қойылған конвенция Қазақстан мен Ирландия арасында инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған.
Құжат – екіжақты халықаралық шарт және қосарланған салық салуды жою мақ­сатында жасалды. Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеу­шіге бір рет, яғни уағ­даласушы мемле­кеттердің бірінде ғана салық төлеу мүм­кіндігін қамтамасыз етеді. Екінші мем­лекет төленген салық сомасына «есепке жатқызуды» береді немесе салық салынатын жиынтық табыстан екінші мем­лекетте салық салу жүргізілген табыс­тың бөлігін алып тас­тайды.
Конвенцияда оларға сәйкес диви­дендтерге, пайыздарға және роялтиге төмендетілген мөлшерлемелер бойынша табыс көзі пайда болатын мемлекетте са­лық салынуы мүмкін ережелер көзделген.
Заң жобасы – Сенаттың жалпы отыры­­сында қарауға жіберілді.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*