Қырғыз басшысымен кездесті

2087
0
Бөлісу:

Астанада Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасының жаңа президенті Сооронбай Жээнбековтің кездесуі өтті. Жүздесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және өңірлік әрі шекара бойындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыға салынды.

Бақытжан Сағынтаев мүмкіндікті пайдалана отырып, Сооронбай Жээнбе­ковті Қырғызстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Осы кездесудің алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков арасында жасалған келі­сім­дерді жүзеге асырудың барысы, сондай-ақ екіжақты экономикалық ынтымақ­тастықтың жол картасы аясында іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде сонымен бірге сауда-эко­номикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне және оны одан ары арттыру әлеуетіне айрықша назар аударылды. Бұдан бөлек, Қазақстан – Қырғызстан өңіраралық форумын өткізу, Қазақстан мен Қырғызстанның Іскерлік кеңесін құру арқылы өңірлік және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту маңыздылығы аталып өтті.
Биыл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2016 жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 13,3 пайызға өсіп, 598 миллион долларды құрады.
Қазіргі кезде екіжақты экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының 10 оперативті шарасы жүзеге асырылып, жыл соңына дейін 13 іс-шара орындау қарастырылған. Картаның қалған тармақтары бойынша ұзақмерзімді сипаттағы жұмыстар жалғастырылып жатыр.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*