Жаңа басшы жұмысына кірісті

1089
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев және Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұжымына ұлттық әл-ауқат қорының жаңа басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті таныстырды.

Премьер-министр Б.Сағынтаев Ахметжан Есімовтің елге сіңірген еңбегін атап өтіп, оның мемлекеттік күрделі міндеттерді орындаудағы жоғары кәсіп­қойлығы мен жауапкершілігіне назар аудартты. Қысқа уақыттың ішінде А.Есімов EXPO – 2017 халықаралық көр­месіне тиімді дайындықты қамтамасыз етті және оның табысты өтуін ұйымдас­тырды.
«Қордың алдында Мемлекет басшы­сының қойған өте маңызды, оның ішінде трансформациялау бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша міндеттері тұр» деп атап өтті Үкімет жетекшісі.
Премьер-министр жаңа басқарма төрағасы мен қор ұжымына табыс тілеп, ел Президенті белгілеген мақсат пен міндеттерге жету бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*