Жастар «Таза сессияға» қатысты

970
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты «Таза сессия» акциясын ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – «Нұр Отан» партиясының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша бекітілген жол картасының 13-тармағын орындау.

Шара барысында Тараз қаласында орналасқан М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универ­си­теті, Тараз мемлекеттік педа­гогикалық универ­сите­ті, Тараз инновациялық-гуманитара­лық универси­теті бакалавриат, магистратура және докторантура дәрежесіндегі білім алушылардан құпия түрде әлеуметтік сауал­намалар алынды.
«Жас Отан» Жастар қанаты тарапынан берілген ар­­найы нұс­қау­лыққа сәйкес, барлық саны 141 сауал­нама парақтары тол­тырыл­ды. Олардың бар­лы­ғы да зерделеніп, тиісті шешімдер қа­­былданады.

Дарина ӘЛІМҚҰЛ

Бөлісу:

Пікір жазу


*