Елбасы журналистермен жүздесті

1236
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.

Мемлекет басшысы сұхбат бары­сында биыл елімізде өткен шараларды қорытындылап, журналистердің мей­лінше өзекті сауалдарына жауап берді.
Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Астанада өткен ЕХРО – 2017 халықаралық ма­мандандырылған көрмесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, журналистерге бұл іс-шара ел экономикасына муль­типликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін айтты.
Елбасы еңбек миграциясы, «жасыл экономика» қағидаттарын енгізу және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше тоқ­талды.
Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыз­дылы­­ғын атап өтіп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асырудың нәтиже­лері жөнінде ой бөлісті. Кездесу бары­сында Мемлекет басшысының жеке тұл­ғасына қатысты сауалдар да қойылды.
Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2017 жылғы 25 желтоқсанда респуб­ликалық телеарналар арқылы көрсе­тіледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*