Тілектер толастар емес

1020
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Тәуелсіздік күніне арнап жолданған жеделхаттар толассыз түсуде.
Құттықтаухат жолдағандар қа­тарында Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения президенті Серж Саргсян, Италия президенті Серджо Маттарелла, Финляндия президенті Саули Ниинистё, Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга, Индонезия президенті Джоко Видодо, Иран президенті Хасан Рухани, Морокко Королі VI Мұхаммед, Австралияның генерал-губернаторы Питер Косгроув, Швеция Королі Карл XVI Густав, Бруней сұлтаны Хаджи Хассанал Болкиях және Рим Па­пасы Франциск бар. Олар жедел­хаттарында бақ-береке тілеп, елі­міздің өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*