Британдық елші Қазақстанды үлгі етті

1320
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браунды еліміздегі дип­ломатиялық мерзімінің аяқ­талуына байланысты қабыл­дады.

Кездесу барысында Мәжіліс басшысы атап өткендей, Қа­зақстанда қызмет еткен жыл­дары британдық дипломат екі ел арасындағы екіжақты байланыстарды ны­ғайту бағытында өнімді іс тын­дырды. Бұған жоғары дең­гей­дегі байланысын қар­қын алуы жарқын дәлел бола алады. Нәтижесінде, Қазақстан мен Ұлыбритания арасында стратегиялық серіктестік өр­кен­деуде.
Нұрлан Зайроллаұлы Ұлы­британияға қазақстандық бас­та­маларды қолдағаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ тұрақты кеңес өткізу, әртүрлі халықаралық құрылымдардағы күш-жігерді үйлестіру жолымен Тұманды Альбион мемлекеті
Ұлы дала елімен екіжақты негізде де, сондай-ақ халықаралық аренада да өзара әрекеттестігін ары қарай нығайтуға ниетті екені мәлім болды.
Спикер бүгінде Лондон Ситиімен ынты­мақ­тасу ар­қасында «Астана» халық­аралық қаржы орталығын құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілгеніне назар аудартты.
Н.Нығматулин елші ха­нымның шын мәнінде, жоғары дипломатиялық тәжірибесі өзгелерге үлгі болуға лайықты екенін атап көрсетті.
Өз кезегінде Кэролин Браун Қазақстанда еңбек ет­кен жылдар өміріндегі ең елеулі кезеңдердің бірі екенін ай­тып, жалпы еңбек жолының Қазақстандағы елшілік қызмет­пен аяқталатынына риза екен­дігін жеткізді және алғыс біл­дірді.
Ол қазақ елінде жұмыс жасау, жас мем­лекеттің қарқынды дамуына куә болу өзі үшін зор құрмет екендігін қадап айтты. Оның байламынша, терроризм­мен күрес мәселелерін шешуде Қазақстан паш етіп отырған күш-жігер, этносаралық қаты­­нас­тарды нығайтудың қазақстандық тәжірибесі – Ұлыбритания үшін де пайдалы. Ол әлеуметтік тұрақтылыққа қатысты мәселе­лерді шешуде де көптеген елдер Қазақстанды үлгі етіп, одан үйрене алатынын мәлімдеді.
Осы күні Н.Нығматулиннің төраға­лығымен Мәжіліс бюро­сының отырысы өтіп, онда бейін­ді комитеттердің ұсы­ныс­тары негізінде, палатаның алдағы жалпы оты­рысының күн тәртібі жобасы айқындалды. Соған сәй­кес, биылғы жылжабар жиы­нында қалаулылар депутаттар­дың өздері бастамашы болған бала­лардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақ­параттан қорғау туралы заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірге бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде.
Депутаттық заң жобасының негізгі міндеті – балаларды физикалық және психикалық денсаулығына, имандылық, рухани, пси­хикалық, әлеуметтік жағынан дамуына зардабын тигізетін ақпараттардан, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатігездікті, қоғамға жат жә­не құқықбұзушылық әре­кетті на­си­хаттайтын баспа, ды­быс және дыбыс-бейне өнім­дерін, электрондық және ком­пьютерлік ойындарды таратудан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепіл­діктерін енгізу болып табылады.
Сонымен бірге, жалпы оты­рыста депутаттарға Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі ара­сын­дағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ау­даны ретінде Қазақстан аума­ғын­дағы жер учаскесін беру және пайдалану шарт­тары туралы келісімді ратифи­ка­ция­­лау туралы» жаңа заң жоба­сымен жұмысты келесі жылы жалғастыру ұсынылады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*