Тәуелсіздікке тарту

993
0
Бөлісу:

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Тәуелсіздікке тарту» мерекелік концерті мен «Алатау» театры ақындарының жекпе-жек айтысы өтті.

Қазақ халқының қарқарасындағы інжу-маржан әсем ән мен тәтті күй, тапқыр айтыс, тартымды термесін насихаттай отыра ел тәуелсіздігін ұлықтауды мақсат тұтқан шара халық көңілінен шықты.

Ғасырлай бойы мәні мен мазмұны сақталып, тозығы мен озығы сараланып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан айтыс өнері кештің ажарын аша түсті. Айтыс десе елең етпейтін, делебесі қозбайтын қазақ баласы жоқ. Халқымыздың атамұра өнерге деген құрметі артпаса кеміген емес. Айтыстың шымылдығын ашқан Ринат Зайытов пен Рүстем Қайыртайұлының айтысы тартысты өтті. Ұлттық өнерді дәріптеген кеш ерекше болды. Айтыс өнерінің ежелгі түрі қайым айтыс жаңғыртылды. Ақындар Қанат Мырзаханұлы мен Шұғайып Сезімхан айтысымен көпшіліктің ықыласына бөленді. Кештің басты ерекшелігі, жүргізілуі әдеттегіден бөлек поэтикалық қойылым түрінде өтуінде болды. Сонымен қоса дәстүрлі, халықтық ән-күйлермен қатар «Рухани жаңғыру» аясында заманауи эстрадалық әндер де шырқалды.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары Алма Аманжолова, Нариман Абдрахманов, Айсауле Қайырғазина, Ерғали Ағайдаров, Айнұр Жұмақадыр, Асылай Апенова, Жасұлан Сақаев, Жаңагүл Молдахметова, Санат Исаев, Қайрат Бектұрсын, Жанаргүл Саркенова, Нұршат Ақпаева, Ғибрат Жұмабаева, Нұрбек Жүзмембетов, Қазбек Адкеев, Азат Дулатұлы, Сандуғаш Мүбәракқызы, Жасұлан Мұсағалиев, Рауан Ексілов, Қуаныш Алтыбаев және театр басшысы Берік Жүсіп бастаған театр ұжымы әсем әнмен, тәтті күймен, ұрымтал айтыспен шашу шашты.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

Бөлісу:

Пікір жазу


*