Құттықтауларда есеп жоқ

1034
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау жеделхаттар келіп түсті.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өзі­нің құттықтау жеделхатында: «Қазақстан әлемдік аренада жоғары беделге ие болып, халықаралық өзекті мәселелерді шешуге, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде, сондай-ақ Астана про­цесі аясында елеулі үлес қосып келеді», — деп атап өткен.
Қытай Халық Республикасы­ның төрағасы Си Цзиньпин өзі­нің құттықтау жеделхатында: «Сіздің еліңіз Тәуелсіздігін жа­рия­лағаннан кейінгі 26 жыл ішін­де саяси тұрақтылықты қамта­ма­сыз етуде, экономиканы дамы­туда, халықтың өмірін жақ­сартуда және мемлекеттің халықаралық беделін көтеруде зор жетістікке жетті. Сондай-ақ мемлекет құру ісінде де айтар­лықтай табысқа кенелді», — деп атап көрсеткен.
Америка Құрама Штаттары­ның президенті Дональд Трамп құттықтау хатында: «Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі 26 жыл бойы Америка Құрама Штаттары елдеріңіздің егемендігін, тәуел­сіздігін және аумақтық тұтасты­ғын мойындап келеді. Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіндегі алдағы төраға­лығы мен энергетика саласын­дағы ынтымақтастық арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстар нығая түседі деп ойлаймыз», — деп атап өткен.
Сондай-ақ Мемлекет бас­шы­сы мен Қазақстан халқын Түркия президенті Реджеп Тайып Ердо­ған, Франция президенті Эма­нуель Макрон, Өзбекстан прези­денті Шавкат Мирзиеев, Польша президенті Анджей Дуда, Бельгия Королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Сауд, Венгрия президенті Янош Адер, Үндістан президенті Рам Натх Ковинд, Біріккен Араб Әмірліктері президенті Халифа бен Заид әл-Наһаян, Пәкістан президенті Мамнун Хусейн, Словакия президенті Андрей Киска, Украина президенті Петр Порошенко, Хорватия пре­зиденті Колинда Грабар-Кита­рович, Сауд Арабиясы Король­дігінің тақ мұрагері, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қор­ғаныс министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбдел Әзиз әл-Сауд, Біріккен Араб Әмірліктері­нің вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әмірлігінің би­леушісі, шейх Мұхаммед бен Ра­шид әл-Мактум, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері жоғарғы бас қолбас­шысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид әл-Наһаян Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, бақ-бе­реке тілеп, еліміздің өсіп-өр­кендеуіне ниеттестік білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*