Елбасы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Еңбек Ері атағы берілді
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулыға қол қойды.
Елбасы Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін үш азаматқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Олар – «Астана EXPO – 2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС менеджері Руслан Қуатов және Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Үшкемпіров.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Министр тағайындалды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.