ВАК жобасы мақұлданды

1248
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Orascom TMT директорлар кеңесінің төрағасы Нагиб Савириспен кездесу өткізді. Оның барысында Қазақстанның телекоммуникация саласындағы компаниясымен ынтымақтастық орнату және цифрландыру бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Orascom construction group Мысыр­дың Каирінде орналасқан, 1950 жылы негізі қаланған және Onsi Sawiris-ке тиесілі. Компания әлемдік мердігерлер қатарына кіреді. Еуропада, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада мемлекеттік және жеке клиенттер үшін ірі өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, жекелеген коммерциялық жоба­ларды жүзеге асырады. Orascom TMT компаниясы – атақты инвестор әрі телекоммуникациялық және техно­логиялық құрылымдардың стратегиялық акционері. Компанияның акциялары NASDAQ Dubai биржалары мен Мысыр биржасында айналымда.
Orascom Construction компаниясы Orascom, Contrack, The Weitz Company секілді үш түрлі және жеке брендтер бойынша жұмыс жасайды. Негізгі брендтерге BESIX тобы және құрылысқа арналған өнеркәсіптің қосымша салаларындағы еншілес және тәуелді компаниялар желісі акцияларының 50 пайызына қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ осы күні Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия­ның (ВАК) кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2017 жылға құқық­бұ­зу­шылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік ВАК жұмысының нәтижелері талқыланды және ВАК жұмысының 2018 жылға арналған жоспарының жобасы мақұлданды.
«Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға сәйкес, жергілікті атқару­шы органдар жанынан құқықбұзу­шылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссиялар құрылды және бүгінде жұмыс жасайды, олардың төрағалары облыс,аудан, қала дең­гейлеріндегі әкімдер болып есеп­теледі. ВАК жұмысшы органы – Ішкі істер министрлігі.
ІІМ бастамасымен ведомство­аралық жұмыс тобы құрылды, оның құрамында Ішкі істер, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері бар, ол Қостанай, Қызылорда және Алматы облыстарының өңірлік ВАК жұмы­сының тиімділігін тексерді.
Жеке өңірлік комиссиялардың қыз­метін «100 нақты қадам» Ұлт жоспа­рын іске асыру сапасын тексеру бойынша Президент Әкімшілігі жанынан құрыл­ған жұмыс тобы тексерді. Әр өңірде комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәслихат депу­таттары, ал 2016 жылдан бастап, жер­гілікті полиция қызметінің басшылары да енеді.
Комиссия жұмысының 2018 жылға арналған жоспар жобасы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құқықбұзушылықтардың алдын алудың 2017-2019 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыруы мәселелерінен, сондай-ақ маскүнемдік, нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстан және құқықбұзушылықтардың алдын алу субъектілерімен жұмысты одан әрі жетілдіруден тұрады.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*