Алты жоба жүзеге асуда

862
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында өткен кезекті қоғамдық тыңдауда «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды.

Шарада «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орын­­басары Н.Тумышев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы
А.Хамиев, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашы­лығы басқармасы басшысының орын­басары Н.Орынбасаров баяндама жа­сады. Мә­жіліске облыстық мәслихаттың депу­таттары, қала, аудан құрылыс бөлім­дерінің басшылары, мердігерлер, пар­тия­лық бақылау комиссиясы мен жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, «Нұрлы жер» комиссиясының мүшелері қатысты.
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бас­қармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров тұрғын-үй комму­налдық шаруашылығы инфрақұрылы­мын жаңғырту жұмыстары туралы баян­дады. Оның айтуынша, «Нұрлы жер» бағ­дарламасы аясында биыл 6 жобаны жүзеге асыру үшін 2,8 млрд теңге бө­лінген.
– Атамекен селосының тұрғын мас­сивтерін сумен жабдықтау желілерінің құ­рылысына 976,311 млн теңге қарас­тырылды. Су құбырының ұзындығы – 161,095 шаршы метр. Одан бөлек, Маң­ғыстау ауданының Жыңғылды селолық округіндегі елдімекендерді ауыз­сумен жабдықтау құрылысы, Жың­ғылды селосына есептегіш құралдарын орнатуға 361,863 млн теңге бөлінді. Су құбырының ұзындығы – 33,514 шар­шы метр.
Мұнайлы ауданының Батыр селолық округінде инженерлік-коммуника­ция­лық инфрақұрылым салуға жай­ғастыру құрылыс жобасының жалпы құны 869,594 млн теңгені құрады. «Баянды – 3» тұрғын үй массивін сумен жабдықтау желілерін салуға 132,737 млн теңге,  С.Шапағатов селосының 5 орамындағы жаңа тұрғын үйлерге газбен жабдықтау желілерін салуға 1 194,775 млн теңге қарастырылған болатын.
Аталған жобаларды биыл аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде, Атамекен, Батыр, «Баянды – 3» және Жыңғылды елдімекендері толықтай орталықтан­дырылған су жүйесімен қамтамасыз еті­леді. Сонымен қатар С.Шапағатов ел­дімекені толықтай газбен қамтылады, – деді Нұрлан Орынбасаров.

Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*