Нью-Йорктен Нұртөре Жүсіп хабарлайды: Қазақстан – әлем назарында

1381
0
Бөлісу:

Нью-Йоркте Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілдігінің мұрындық болуымен Photo Fest KZ халықаралық фотофестивалі өтті.

Аталған шара еліміздің Тәуел­сіздік күніне орайласып ұйымдас­тырылды. «Қазақстан әлем фото­графтарының көзімен» тақыры­бындағы фотокөрмеге еліміздің фотографтарынан өзге АҚШ, Франция, Түркия, Италия, Ресей сынды елдердің кәсіби маман­дарының 100-ден астам жұмыс­тары қойылды.
Атап айтқанда, елімізге етене таныс фотографтар Асылхан Әбдірайым, Ерболат Шадрахов, Шүкір Шахай, Тұрар Қазанғап, Жеңіс Ысқабай, Сәрсенбек Қы­зайбек, Ерлан Омар, Айбек Аханов, Максим Рожин, Ақәділ Рысмахан, Алтынбек Қартабай, Сәби Маемеров, Мақсат Шағыр­баевтардың жұмыстары бар.
Көрмені 500-ден астам адам тамашалады. Оның ішінде шетел­дік дипломатиялық, елшілік өкіл­дері мен қала қонақтары бар. Осыған дейін EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында шетелдің үздік фотографтары Астанада жинал­ған болатын. Ол кездесу Мә­дениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Аталған шара шеңберінде кәсіби мамандар тек EXPO көрмесін тамашалап қана қоймай, еліміздің өзге де аймақтарына жол тартқан еді. Сапар барысында көрікті жер­лерді естелікке суретке түсі­ріп, соның нәтижесінде «Қа­зақ­стан әлем фотографтарының кө­зі­мен» атты кітап басылып шықты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*