Маман дайындауда мүмкіндік мол

700
0
Бөлісу:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздегі жетекші жоғары оқу орны. 1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ әлемдік білім беру жүйесінде өз биігін аласартпай келеді. Оқу ордасында білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі зерттеулерді дамытуға мүмкіндік мол.

Университет құрамында 7 ғылыми-зерттеу институты, 1 ғылы­ми-технологиялық парк, 5 институт, 30 әлеуметтік-гумани­тарлық бағыттағы ғылыми орта­лық, 15 факультет, 62 кафедра бар. Мұнда екі мыңнан астам про­фессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары қызмет атқарады. Университетте көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша 20 000 студент білім алуда. ҚазҰУ-да көпсалалы білім беру жүйесі қалыптасқан: жоғары базалық білім (бакалавр дәрежесі), жоғары кәсіби білім (магистр) және докторантура. ҚазҰУ мемлекеттік білім беру гранттары және келісім бойынша студенттерді қабыл­дай­ды. Білім ордасы 180-нен астам мамандықтарды даярлайды. Университеттегі оқу үдерісі Болон реформасына сәйкес жүр­гі­зіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген. Оқу үде­рісінің ашықтығы, білім алу­шы­ларға академиялық білімді толық­қанды қамтамасыз етеді.
ҚазҰУ-да география және таби­ғатты пайдалану факультеті 5 мың­ға жуық география ғылымын же­тік білетін мамандарды дайын­да­ды. Олар – географтар, метео­ро­­логтар, гидрологтар, эколо­гия ма­­мандары, картографтар және туризмнің менеджерлері. Факуль­тет түлектері геология, эконо­ми­ка, экология салалары бойынша, Қаз­гидромет жүйесінде, су шар­уа­­­шылығы, жоғары және жалпы білім беретін орта мек­теп­терде қызмет атқарады. Соның ішін­де рекреациялық география және туризм кафедрасы – ең жас кафед­ра болып табылады.
Рекреациялық география және туризм кафедрасын 1996 жылы география ғылымдарының докторы, профессор Ердәулетов Станислав басқарған болатын. Қазір кафедра меңгерушісі – Артемьев Александр. Ол – Қа­зақ­стан Республикасының ең­бек сіңірген туризм инструк­торы, ЖОО-ның үздік оқытушысы. Бүгінгі таңда Рекреациялық гео­гра­фия және туризм кафедра­сы туристік кәсіпорын қызмет­кер­лерін басқару және бақылау, туризм саласындағы басқару қызметінің инновациялық іс-әрекеттерін атқару, туристік іс-әрекетті жоспарлау, туризм индус­­триясы және қонақжай­лы­лық, қызмет көрсету саласында білікті мамандар дайындап келе­д­і. Оқу үш тілде: қазақша, ағыл­шын­ша, орысша жүргізіледі. Кафедрада білікті маман оқыту­шы­лар, ғылым докторлары, про­фес­сорлар, доценттер білім бере­ді. Білім алумен қатар студенттер табиғатқа жақын болуға тәрбие­ле­неді. Оған студенттердің тау жорық­тарына шығып тұруы және 1-курс студенттерінің жаздық тәжірибені тауда өткізуі дәлел бола алады. Тәжірибе барысында студенттер жорыққа қажетті құ­рал-жабдық­тар­мен қамтамасыз етіледі. Арнайы дайындалған бағдарлама бойынша теория жүзінде өткен мәліметтерді іс-жүзінде көруге мүмкіндік алады. 2-курс студент­тері жаздық тәжі­ри­бесін Еуропа және Үндістан, Қы­тай, Өзбекстан сияқты ел­дер­де өткізеді. Сол арқылы олар озық тәжірибені меңгереді. Жо­ғары курс студент­тері өндірістік тәжірибені туристік фирмаларда, мейрам­ха­на­ларда өтеді. Осы кезеңде студенттер туризм нары­ғын іштей зерттейді. Осымен шек­теліп қана қоймай, студент­тер­де академиялық ұтқырлық аясында басқа елдерде білім алып қайтуына мүмкіндік бар. Қазіргі таңда кафедраның студенттері білімнін жетіл­діруде. Академия­лық ұтқыр­лық­тың мақсаты – білім алу, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеу­лер­дің сапасын арттыру, акаде­мия­лық ортаға бейімделу және бас­қа елдің мәдениеті мен дәстүрімен танысу.
Дүниежүзілік туристік ұйым – Біріккен ұлттар ұйымының жауапты, тұрақты және қолже­тім­ді туризмнің ұсынысына жа­уап беретін мекеме. Рекреация­лық география және туризм ка­фе­драсы ұтып алған грант негі­зін­де, Қазақстан ЖОО арасында Дүниежүзілік туристік ұйымның TedQual-UNWTO жүйесі бойын­ша халықаралық серти­фи­кат­тау рәсімі өткізілді. Кафедра оқыту­шы­ларының жетек­ші­лі­гі­мен сту­денттер халықаралық жоба­лар­ға қатысады. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде кафедра оқыту­шы­ла­рының еңбегі зор. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреация және туризм кафе­дра­сын­да студенттердің жан-жақты дамуы­на, өзін-өзі кемелдендіру мен басқаруына, басшылық қа­сиет­терді бойына сіңіруіне мол мүм­кіндік бар. Кафедра оқы­ту­шы­лары еліміздің білімі мен ғылы­­мына, һәм эконо­ми­ка­сы­на, қарқынды дамуына үлес қоса алатын білімді де білікті мамандар дайындауда орасан еңбек сіңіру­де.

Жаннат Әлиева,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың
рекреациялық география және
туризм кафедрасының доценті

Бөлісу:

Пікір жазу


*