Елбасы «Астана» клубын құттықтады

757
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» футбол клубы командасына құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы жеделхатында «Астана» футбол клубын Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығуымен құт­тықтады.
«Сіздердің табыстарыңыз ко­ман­даның ойынын зор қызығу­шылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстан­дықтарға қуаныш сыйлады.
Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақ­станда футболды және спорт са­ласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Аста­наның 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар» делінген жеделхатта.
Соңында Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орында­луына ниеттестік білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*