Кино заңының жобасы енгізілді

1116
0
Бөлісу:

Мәжіліс басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда депутаттардың алдағы жал­пы отырысының күн тәртібі жобасы қалыптастырылды.

Ол бойынша қалаулыларға палата жиынында «Стандарттау туралы» жаңа заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірге бірінші оқылымда талқылау ұсынылады. Бұл құжат арқылы қолданыстағы қазақ­стандық заңнама халықара­лық үлгі-моделмен сәйкестікке келтіріледі. Онда сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау, инвестициялар тарту үшін жағ­дай жасау, инновацияны ендіру мен технологияның келуін ынталандыру көзделеді.
Сонымен бірге, күн тәртібінің жобасы жаңадан жұмысқа алынған құжаттардан да тұрады: Мәжіліс депутаттары палатаның бейінді комитеттеріне олар бойынша қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеп берулері тиіс. Бұлар ара­сын­да ел тари­хындағы тұңғыш «Кине­матография туралы» және оған ілеспе – қос заң жобасы, «Ар­найы экономикалық және ин­дустриялық аймақтар туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен бар.
Бұдан бөлек, осы қатарға рати­­фи­кациялық жаңа заң жоба­­лары да жатады, бұлар – 2014 жылғы 29 мамырдағы Еура­зия­лық Экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Респуб­ли­ка­сының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 жел­тоқсанда қол қойыл­ған шарт­т­ың жекелеген ереже­лерін қол­дану туралы хат­та­маны ратифи­ка­циялау туралы» және 1996 жыл­ғы 16 қыркүйектегі Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің үкімет­тері арасындағы «Табыс пен мүлікке қосарланған салық салу­ды болдырмау және салық төлеу­ден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*