Инвестиция тартылады

1189
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры («ИТП» ДКҚ) басқару комитетінің отырысы өтті.

Отырыс барысында «ИТП» ДКҚ дамытудың стратегиялық мәселелері, сондай-ақ Қазақстан экономикасының негізгі және жаңа салаларына инвестициялар тарту шаралары талқыланды.
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорын ел Үкіметі 2015 жылдың 10 сәуірінде құрды. «ИТП» ИК Қамқоршылық кеңесінің төрағасы – Қазақстан Президенті. Басқару комитетін ел Үкіметінің жетекшісі басқарады.
«ИТП» ДКҚ-ның стратегиялық міндеттері трансұлттық компа­ниялармен бірлесіп технологиялық даму орталықтарын құрудан тұрады. 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша «ИТП» АЭА-да 161 компания тіркелген.

 Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*