Телефон арқылы сөйлесті

1076
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынты­мақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.
Президенттер биылғы 2 жел­тоқсанда Астанада екі ел үкіметі қол қойған Жол картасын дәйекті түрде іске асырудың маңыз­ды­лығын атап өтті.
Бұл тұрғыда Қырғызстан президенті күшейтілген шекара­лық бақылаудың алынып, Қа­зақстан – Қырғызстан шекарасын күзету күнделікті режимге көші­рілгені үшін Қазақстан Прези­дентіне алғыс айтты.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээн­бе­ков алдағы кездесулер кес­тесін, соның ішінде Қыр­ғыз­стан прези­дентінің Қазақстанға сапармен келу мәселесін қарас­тырды.
Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*