Мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

1781
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, Қаулыға қол қойды.

Қаулы бойынша «Қазақстан­дық іргелі ғылымды әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығаруға икемдеуші нақты ғаламның қасиеттерін си­пат­тайтын гравитация теориясын дамыту» тақырыбындағы жұ­мысы үшін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жа­нындағы Еуразиялық ха­лықаралық теориялық физика орталығы ғылыми-зерттеу инсти­тутының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рәтбай Мыр­зақұловқа, «Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстандағы кенттену» тақырыбындағы жұ­мысы үшін Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының Урба­низация және номадизм бөлімі­нің меңгерушісі, тарих ғылым­дарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Карл Байпақовқа, «Болат өндірісінің бәсеке қабілет­тілігін арттыруды қамтамасыз ететін, төмен сапалы (фосфоры жоғары қоңыр темірлі) және тех­ногенді шикізаттарды өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгей­дегі технологияларды әзірлеу және оларды коммерцияландыру» тақырыбындағы жұмысы үшін техника ғылымдарының канди­даты Әбілқасым Ахметовке беріледі.
Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс жөніндегі директоры Вадим Басинге, осы мекеменің кеңесшісі Михаил Витущенкоға, техника ғылымда­рының кандидаты, қауымдас­тырылған профессор Айдархан Мұхтарға, экономика ғылым­да­рының докторы Альберт Рауға, техника ғылымдарының докторы Баймахан Сәтбаевқа, «Арселор­Миттал Теміртау» АҚ өндіріс жөніндегі директорының орын­басары Владимир Яблонскийге Мемлекеттік сыйлық беріледі.
Бұдан бөлек, «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы, медицина ғылым­да­рының докторы, профессор Валерий Бенберинге, осы орта­лықтың шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымда­рының докторы Әмір Әхетовке, жетекші консультант, медицина ғылымдарының докторы, про­фессор Александр Гуляевке, ме­кеменің бас консультанты, ме­дицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсыбай Жұмаді­ловке, жетекші консультант, ме­дицина ғылымдарының докторы Алмагүл Құшұғұловаға, жетекші консультант, медицина ғылым­дарының докторы, профессор Талғат Нұрғожинге, бас маман, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ертай Сәр­се­бековке және «Орталық кли­никалық аурухана» АҚ бас дә­рігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, про­фессор Гүлнұр Танбаеваға бе­ріледі.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*