Елдің үлгі тұтар ұрпағы

1173
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жобаға қатысушыларға әлемде болып жатқан өзгерістер жөнінде айтып, қазіргі жағдайларға бейімделу қажеттігіне назар аударды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық өз­ге­рістер дәуірінде «Болашаққа бағдар: ру­хани жаң­ғыру» бағ­дар­ламасының өзек­тілігін атап өтіп, оны іс­ке асырудың ара­лық нәтижелеріне тоқ­талды.
Қазақстан Президенті мемлекет­тік тіл­ді латын қарпіне көшіру жөнін­дегі жо­ба туралы айтып, бұл үрдістің бас­ты мақ­сатын атап өтті.
– Бүгінде ғылым және мәдениет ту­ра­лы ақпараттың 70 пайызға жуығы ағыл­шын тілінде таралады. Біз үш тіл­де білім бе­руге көшетінімізді жа­рия­ладық. Жас­тары­мыз қазірдің өзін­де ағылшын тілін мең­герген. Ла­тын қарпіне көшу дамып ке­ле жатқан ортақ ақпарат әлеміне енуі­міз­ге мүм­кіндік береді, – деді Елбасы.
Сонымен бірге, Мемлекет басшы­сы «Жаңа гуманитарлық білім» және «Туған жер» жобаларының іске асы­рылу бары­сына тоқталды.
– Біз егер қазақ тілінің дамуы ту­ра­лы ай­тар болсақ, әлемнің үздік бі­лі­мін ана ті­лімізде алуымыз керек. «Жаңа гумани­тар­лық білім» жобасы ая­сында үздік 100 оқу­лықты қазақ ті­ліне аудару мәселесі қа­­растырылған. «Ту­ған жер» жобасы бойын­ша мы­наны айтуға болады. Пат­рио­тизм ту­ған үй мен туып-өскен өңірден бас­­талады. Біз кіші Отанымыз ар­қы­лы бү­кіл Қазақстанды сүйеміз. Қазір елі­мізде ме­ценаттар туған жеріне ба­рып, бала­бақ­ша, мектептер мен ауру­ханалар салып жа­тыр. Жалпы, бүгінде осы ба­ғыт­та 720-дан ас­там жоба іске асты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы «Қазақстанның киелі жер­ле­рі­нің географиясы» жобасының хал­қы­мыз үшін мәні зор екенін ай­тып, «Жаһан­дағы заманауи қазақ­стан­дық мәдениет» бағ­дарламасының мін­деттерін атап өтті.
– Біз әлемдегі киелі жер мен олар­дың тарихы туралы жақсы біле­міз. Қа­зақ­стан­да ондай жерлер жоқ па? Қазіргі кез­де осын­дай киелі 100 орын­ды анықтау жө­нін­де міндет қойыл­ды. Олар туристік орын­­ға ай­на­латын болады. Біздің мәде­ние­т бүкіл әлемге танылуға тиіс. «Жаһан­­дағы заманауи қазақстандық мә­де­ниет» мәдени байлы­ғы­мы­з­ды дү­ниежү­зі­не та­нытуы ке­рек, – де­ді Қа­зақ­стан Пре­зи­денті.
Мемлекет басшысы «Қа­зақ­стан­дағы 100 жаңа есім» жобасын іске асы­рудың маңыз­дылығына назар ау­да­рып, кездесуге қа­тысушыларға қо­ғам тарапынан артыл­ған жауап­кер­шіліктің мол екенін ескертті.
– Сіздер байқаудың іріктеу туры­нан өт­тіңіздер. Дауыс беру интернет ар­қылы жүр­гізілді. Сіздер – бірегей тұл­ғасыздар. Тәуел­сіздігіміз сіздерге та­лант­тарыңызды шың­дап, болашақ­қа жол салуға мүмкіндік бер­ді. Сіздер өс­келең ұрпаққа үлгі бола­сыздар, – де­ді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесуде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылар ру­хани жаң­ғыру бағдарламасының іс­ке асырылу ба­рысы жөнінде ой бө­лісіп, өз же­тістік­тері туралы айт­т­ы.
Елбасы жобаның бірнеше қа­тысушы­сының жеткен жетістігімен та­нысып, қа­зақстандықтардың тұл­ға­лық тұрғыдан дамуының маңызды­лығын атап өтті.
– Сөз сөйлегендердің барлығы ту­ра­лы фи­льм түсіріп, кітап жазуға бо­лады. Адам­­дар одан шабыт алады. Шын жүрек­тен құттықтаймын. Жас­тарымыз мақсат­қа қарай талпынуға тиіс, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Мемлекет басшысы халықтардың да­мып, жаһандық үрдістерге бейім­делуінің әлем­дік тәжірибелері жөнін­де ой бөлісті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жо­ба­ның барлық қатысушысына та­быс тілеп, оларды бұл жетістіктермен шек­телмеуге шақырды.
Елбасы кездесу аяқталған соң «Қа­зақ­стандағы 100 жаңа есім» жоба­сы­на қа­тысу­шыларға арналған ар­найы фото­көр­мені аралап көрді.
Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана балет» театрында өт­кен «Арнау» ұлттық би кешін көруге бар­ды.
Кеш бағдарламасындағы әсем қи­мылмен бейнеленген, жарқын әрі әсерлі түр­лі хореографиялық миниатюралар мен спек­такльдер үзінділері еліміздің ұлттық дәс­түрлері мен мәдениетінен сыр шер­теді.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*