Іскерлік сапармен неміс бизнесмендері келді

1180
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеративтік Республикасының іскер топтар өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Германия экономикасы Шы­ғыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле, «Кнауф» компаниясының иесі Николас Кнауф және Германия Федеративтік Рес­пуб­ликасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рольф Мафаэль қатысты.
Мемлекет басшысы Астанаға іскерлік са­пар­мен келген неміс бизнесмендеріне та­быс тіледі.
– Астанаға қош келдіңіздер. Сіздердің де­легацияларыңыз мықты құраммен келіпті. Сіз­­дер Үкіметте кездесулер өткізіп, Қа­зақ­стан­ның бизнесмендерімен де жолығасыздар. Бұл кездесудің жемісті болатынына се­нім­дімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті биылғы қазан айын­да Сочи қаласында Германия Федера­тив­тік Республикасы іскер топтар өкілдері­мен өткізген кездесуінің нәтижелі болғанын атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақ­стан­да жұмыс істеп жатқан неміс компа­ния­ларының көп екенін айтып, екі елдің іскер топ­тары арасындағы ынтымақтастықты ны­ғайтудың маңыздылығына назар аударды.
Германия экономикасы Шығыс коми­те­тінің төрағасы Вольфганг Бюхеле кездесуге мүм­кіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаев­қа алғыс айтып, Сочи қаласындағы ке­ліссөздер барысында қол жеткізілген уағ­даластықтарға тоқталды.
– Қазақстан мен Германия арасында қар­қынды экономикалық қарым-қатынас ор­нады. Оның дамуы 2017 жылы оң нәтиже көр­сетіп отыр. Бұл ретте Германияға Қа­зақ­стан­нан келетін импорттың көлемі арта түс­кенін атап өткен жөн, – деді В.Бюхеле.

Бөлісу:

Пікір жазу


*