ЕЛІМ ДЕП ТУҒАН ЕР ҚАЗАҚ!

1623
0
Бөлісу:

Жаңа Қазақстан тарихында 1991 жылғы 1 желтоқсанның орны ерекше екені анық. Жалпыхалықтық сайлауда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 98,78 пайызы бірауыздан жақтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Бұл – ежелден азаттық аңсаған қазақ халқының үлкен сенімі еді. «Екі тізгін, бір шылбырды» өз қолына алған Мемлекет басшысы Қазақ елін әлемдік қауымдастыққа тез танытты. Қазір «Қазақстан десе – Назарбаев, Назарбаев десе – Қазақстан» дейтін сөздер егіз ұғымға айналған.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күн демей, түн демей қазақ елін алға сүйреудің қамында болды. Елде тұрақ­тылық пен татулық негізін қалады. Мемлекеттің ішкі және сыртқы мә­селелерін шашауын шығармай, асқан ұстамдылықпен шеше білді. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартудың өне­гелі үлгісін Тұңғыш Президентіміз көрсетті.
Американың бірнеше президенті кезең-кезеңімен атқарған жұмыстарды Қазақстан Президенті жалғыз өзі-ақ атқарды. Заңдық-құқықтық негіз жасалды. Әлеуметтік-экономикалық реформалар өте батыл және шапшаң түрде жүргізілді. Қысқа мерзімде Қа­рулы Күштер құрылды, ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету органдары қалыптастырылды. Мемлекеттік шекара заңдық тұрғыда шегенделді.
Н. Назарбаевтың түрлі интеграциялық бастамалары халықаралық деңгейде қолдау тапты. Елбасы негізін қалаған – Астана әлем назарын үйірген қалаға айналды. 2003 жылдан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидер­лерінің бес съезі, 2010 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақ­тастық ұйымының сам­миті, 2011 жылы Ислам конферен­циясы ұйымы оты­рысы және VII қысқы Азия ойын­дары, 2008 жылдан бері 9 рет Аста­налық экономикалық форум өтті. Биыл ТМД ел­дері арасында бірінші болып Аста­нада «Болашақ энергиясы» тақы­ры­бындағы EXPO – 2017 ха­лықаралық мамандан­дырылған көр­месі өтіп, оған 115 мем­лекет пен 22 ха­лықара­лық ұйым қа­тысты.
Елбасы – еліне, ел-жұрт өзінен шық­қан Ерге сенеді!

Дерек пен дәйек:

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасы 20 есе өсті.
Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді.
Тәуелсіздік жылдарындағы тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлемі 265 миллиард АҚШ долларын құрады.
120 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып,
1,1 миллионнан астам қазақстандық отбасы пәтермен қамтамасыз етілді.
Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Астананың дамуы мен өркендеуіне 50 миллиардтан астам доллар көлемінде инвестиция тартылды.
1,3 мыңнан астам жаңа аурухана мен емхана, 500 жаңа балабақша және 1,4 мың мектеп салынды.
25 жылда 10 мың шақырым автожол салынды және жөндеуден өтті. Жаңадан 2,5 мың шақырым теміржол пайдалануға берілді.
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 72,3 жылға дейін ұлғайды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*