Пенамен кездесті

1069
0
Бөлісу:

Астанада Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев компанияның вице-президенті Хавьер Лассо Пенаның басшылық етуімен ArcelorMittal өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстандағы ArcelorMittal компаниясының қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ болатты әлемдік нарықтарға экспорттаудың кейбір аспектілері талқыланды.

ArcelorMittal – әлемнің ірі метал­лургиялық компаниясы. Люксембургте тіркелген және сонда компанияның штаб-пәтері орналасқан. 2006 жылы люк­сембургтік Arcelor компаниясы мен үнді бизнесмені Лакшми Митталға тиесілі үнділік Mittal Steel компанияларының бірігуі нәтижесінде құрылған. Компа­ния­лар біріккеннен кейін өндірістік қуат­ты­лығы жылына 420 млн тоннаны құрады.
Компанияға Қазақстанда «Арселор­Миттал Теміртау» АҚ-ы тиесілі, оған Қарағанды металлургия комбинаты, сегіз көмір шахтасы, екі электр стансасы, Лисаков тау-кен байыту комбинаты, темір марганец кеніштері және қосалқы кәсіпорындар кіреді. 1995 жылы Қарағанды металлургия комбинатын жекешелендіру бойынша жабық тендерде сатылып «Испат Кармет» АҚ ретінде құрылған. 2004 жылғы желтоқсанда «Испат Кармет» «Миттал Стил Теміртау» АҚ ретінде тіркелді, 2007 жылғы 6 қыркүйекте «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болып қайта тіркелді.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*