Халықтық бақылау күшейіп келеді

872
0
Бөлісу:

Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы ретінде Жамбыл өңіріне барды.

Партия басшылығы Президент тап­сыр­маларының орындалуына, мемлекет­тік бағдарламалардың жүзеге асырылуына және тұрғындарды толғандыратын мәсе­лелерді шешу барысына «халықтық бақы­лауды» күшейтуде. Бұл осы жылдың 3 қарашасында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының партия қызметін жаңғырту жөнінде тапсырмасы аясында іске асырылуда.
– Партия мүшелері, әсіресе, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру сеніп тап­сырылған мемлекеттік саяси қызметкерлер өздерінің жұмыстарының нәтижелері үшін жеке-дара жауап береді. Егер олардың жұ­мыс­­тары халық көңілінен шықпаса, онда Пре­зиденттің, партияның сенімін ақтама­ға­ны үшін оларды жауапқа тартып, тіпті пар­­тия­дан шығару шараларын қолдану қа­жет.
Бұл партия атынан ұсынылған мәслихат депутат­тарына да қатысты. Олар сайлау ал­дында халыққа берген уәделерінде тұруы керек. Біз партия Төрағасы, Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес, халық­тық бақылауды күшейтудеміз, – деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов Тараз қаласында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, мемле­кеттік орган басшылары, мәслихат депу­тат­тары, Жам­был облысының партия активі және Прези­дент Әкімшілігінің мемлекеттік инс­пек­торларының қатысуы­мен өткен жиын барысында.
Алқалы жиын Ғабидолла Әбдірахы­мов­тың Жамбыл өңіріне Президент тапсыр­­маларының орындалуы, мемле­кет­тік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және партияға тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қадағалауға арналған жұмыс сапары аясында өтті.
Сапар барысында Ғабидолла Әбдірахымов облыс басшылығымен аймақтағы жұмыссыздық, студенттік жатақханаларда орын жетіспеуі, ана мен бала өлімі және балабақша кезегіне қатысты түйткілді мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ партия хатшысының Тараз қаласына еліміздің әр облысынан республи­калық слетке арнайы келген облыс жастары, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, Қазақстан студенттер Альянсының көшбасшылары­мен бейресми кездесуі өтті.
Жұмыс сапарының соңында Ғабидолла Әбдірахымов облыстағы Жамбыл ауда­нының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясына өтінішпен келген азаматтардың арыздары қаралды.
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*