Ана өлімі көрсеткіші төмендеп келеді

957
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысына денсаулық сақтау са­ла­сын да­мытуға арналған «Денсаулық» мем­лекеттік бағдарламасының іске асы­рылуы жөнінде аралық есеп бері­ліп, министрліктің алдына қойылған мін­деттерінің орындалуы туралы ақ­парат ұсынылды.
Елбасы ауру-сырқаудың алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтіп, салауатты ұлт қалып­тас­тыру ісін­де халықтың ерекше рөл ат­қаратынын айтты.
– Азаматтарымызды өздерінің ден­сау­лықтарын нығайтуға тар­туы­мыз қажет. Адам денсаулығының 10-15 пайы­­зы медицинаға тәуел­ді. Қал­ға­нының бәрі тек өзіне байла­ныс­ты бо­­лады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті халық ара­сын­да салауатты өмір салтын на­си­хат­тау мәселесіне тоқталып, қазақ­стан­дық­тардың өмір сүруінің орташа ұзақ­­тығын 80 жасқа дейін көтеру жө­нін­дегі міндеттің өзектілігіне на­зар аударды.
Денсаулық сақтау министрі Қа­зақ­стан Президентіне тұрғындар ден­саулығының негізгі көрсеткіш­тері­нің жақсарып келе жатқанын мә­лім­деді.
– Барлық көрсеткіш бойынша ахуал тұрақты. Өмір сүрудің орташа ұзақ­­тығы көтерілуде. Ана өлімінің көр­­сеткіші төмендеп келеді. Бала өлі­мі­нің көрсеткіші де қатарынан бір­неше жыл бойы төмендеуде, – де­ді Ел­жан Біртанов.
Денсаулық сақтау министрі ха­лық­тың денсаулығын жақсарту бойын­ша ми­нистрліктің қабылдап жат­қан ша­ра­лары жөнінде айтып, ауру-сырқау бел­гілерін бастапқы са­тыда анықтау­дың маңызды екенін атап өтті.
– Қазақстанда 2012 жылдан бас­тап те­гін дәрі-дәрмекпен қамту жө­нін­дегі бағ­дарлама жүзеге асырылуда. Оның тиім­ділігі өте жоғары. Бағ­дар­ла­ма ая­сында 2,5 миллионға жуық адам ауру­дың 50 түрі бойынша, со­ның ішінде күретамыр гипертониясы, қант диабеті және онкологиялық ау­ру­лар бойын-ша те­гін дәрі-дәрмекке қол жеткізіп отыр, – деді Е.Біртанов.
Сондай-ақ Елжан Біртанов Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілетін ал­­ғашқы медициналық қызметтердің са­­пасын арттыру және денсаулық сақ­­тау жүйесіне цифрлық техно­ло­гия­лар­ды енгізу жөнінде қабылданып жат­қан шаралардың нәтижелері ту­ра­лы баян­дады.
Кездесу барысында Мемлекет бас­шы­сы дәрі-дәрмек бағасын мем­ле­кет­тік реттеу және фармацевтика са­ла­сындағы сыбайлас жемқор­лық­пен кү­рес жүргізу мәселелеріне ерек­ше тоқ­талды.
– Бағаға қатысты мәселені шешу жө­­нінде берген тапсырмамнан кейін Фар­мация комитетінің төрағасы, «СК-Фар­мация» компаниясының бас­шылығы және бес облыстың бас­қарма бас­шылары ұсталды. Дәрі-дәр­мек ба­ға­сының негізсіз өсуі шарт­тар жасау­дағы заңнан тыс әре­кеттер нәтижесінде орын алады, – де­ді Елбасы.
Қазақстан Президенті алға қойыл­ған міндеттердің уақтылы іске асы­рылуын қамтамасыз етуді және ден­сау­лық сақтау саласына, соның ішін­де дәрі-дәрмектерді сатып алу үр­дісіне тиісті бақылау орнатуды тап­сырды.
Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Е.Бір­­тановқа өзі басшылық ететін са­лаға дер­бес жауап беретінін ескерт­ті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*