«Нұрлы жердің» нәтижесі қандай?

1523
0
Бөлісу:

Парламенттің Жоғарғы палатасында «Өңір» депутаттық тобы дөңгелек үстел өткізді. Онда еліміздің аймақтарында «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды. Оған қатысқан Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асқан «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының әлеуметтік маңызын атап өтті.

С.Громов ипотекалық несиелерді ипотекалық қарыздар арқылы суб­сидиялау, жеке құрылыс компанияларын ынта­ландыру, әкімдіктегі тұрғын үй кезегін­дегілерге және Тұрғынүйқұры­лысыжинақ банкі арқылы несиемен алынатын, оның ішінде салымшыларға арналған үйлердің құрылыстары көлемі ұлғайғанын атап өтті. Бағдарламаға сәйкес, Қазақстанда халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына са­тып алу құқығы жоқ жалға берілетін тұрғын үйлер мен комму­никациялық инфра­құрылым жүргізілетін жеке тұрғын үйлер құрылысы дамитын болады.
Инвестициялар және даму ми­нистрінің орынбасары Роман Скляр еліміздегі «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдар­ламасының орындалу нәтижелері туралы хабардар етті. Ол 2017 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құры­лысына 744,8 млрд теңге инвестиция жіберілгенін, оның ішінде 120,0 млрд теңге мемлекеттік инвестиция болғанын хабарлады. 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 76,7 мың тұрғын үй, оның 24,1 мыңы жеке тұрғын үйлер (пай­далануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 31,5 пайызы) және көппәтерлі үйлердегі 52,6 мың пәтер (68,5 пайызы) құрылысы салынды. Бағдарлама аясында барлығы 10,1 млн шаршы метр немесе 99 мың тұрғын үй пайдалануға беру жос­парланып отыр.
Министр орынбасарының айтуынша, еліміздің азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат елеулі нәтиже берді және 26 жылда 126,4 млн шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік берді, шамамен 1,2 миллион отбасы пәтермен қамтамасыз етілді.
Отырыста «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаев, «Қазақстан тұрғынүйқұрылысыжинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, Батыс Қазақстан, Қызы­лорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақ­стан облыстары әкімдерінің орын­басар­лары «Нұрлы жер» бағдарламасын орындау үшін қабылданған шаралар туралы хабар­дар етті.
Дөңгелек үстел отырысы туралы әзір­ленген ұсыныстар атқарушы билік орган­дарына, «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер па­латасына және екінші деңгейдегі банкі­лерге жіберілетін болды.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*